Елбасы кітапханасы қазақтың ұлы ақыны, дана ойшылы, сазгер, ағартушы, қоғам қайраткері, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы және тұңғыш классигі Абай Құнанбайұлының туған күніне арналған «Абай оқулары» атты жыл сайынғы әдебиет сайысын жариялайды.

Оның шығармалары әлемнің 60 тіліне аударылған.

Жобаның мақсаты – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жаһандық бастамаларының бірі «Рухани жаңғыру» бағдарламасына ақпараттық-имидждік қолдау көрсету және Абай Құнанбайұлының әдеби мұрасын жастар арасында насихаттау, қазақстандық жастардың оқу мәдениетін, әдеби талғамын қалыптастыру.

Әдебиет сайысының шарттары:

1. Абайдың кез келген өлеңін мәнерлеп оқыған сәтін бейнеге түсіру (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде).

2. Түсірілген бейне Facebook немесе Instagram әлеуметтік желісіне #біздіңАбай #Абайәдебиетэстафетасы #ЕлбасыкітапханасыАбай хэштегтерімен жүктелуі тиіс.

3. Байқау 2019 жылдың 9 шілдесі мен 20 тамызы аралығында өтеді.

4. Әдебиет байқауының қорытындысы бойынша мәнерлеп оқудан үздік оқушылар Елбасы кітапханасында салтанатты түрде марапатталады.

Байқауға қатысып, ақпаратпен әлеуметтік желілерде бөлісіңіздер!