The presentation of the website WWW.PRESIDENTLIBRARY.KZ

здание

04.11.2014 ж. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы  кітапханасында www.presidentlibrary.kz сайтының тұсауы кесілді.

Сайттың ерекшеліктері:

Қазақстан Республикасы Президентінің қызметі фото түріндегі жаңалықтармен беріледі;

14

Сайт арқылы Елбасы Кітапханасының электронды кітапханасымен танысуға мүмкіндік бар. Ол екі бөліктен тұрады – Мемлекет басшысының Жеке электронды кітапханасынан және мәліметтердің электронды базасынан. Электронды база арқылы оқырман 13 млн. 132 мың мәліметке қол жеткізе алады. Бағыттары сан-алуан: саясат ғылымдары, әлеуметтік ғылымдар, тарих ғылымдары, экономика ғылымдары, мәдениет, әдебиет, менеджмент, география. Сайтымызға тіркелген адам Дүниежүзілік электронды кітапханамен және электронды журналдар кітапханасымен жұмыс  істеуге ерекше мүмкіндік алады;

10

Тіркелген қолданушы «Бұлтты қор мұрағаты 20+» жұмыс істей алады. Онда Мемлекет басшысының қызметіне байланысты фотосуреттері, бейнемұрағат бір жүйеге келтірілген;

Сайттың тағы бір ерекшелігі – Интернет-телевизия. Онда Елбасы кітапханасында болған шаралар бейнематериал, фильм түрінде жүктеледі. Сонымен қатар, интернет-телевизия арқылы белгілі-бір шараны онлайн режимінде таратуға мүмкіндік бар;

Кітапхана сайтының виртуалды туры арқылы қашықтықтан Мемлекет басшысының Жеке Кітапханасының контентімен, «Әлемді өзгертетін идеялар» атты интерактивті білім беру орталығымен жұмыс істеуге болады;

2

Аңдатпа бөлімінен Кітапханада болатын шаралар тізімімен таныса аласыздар:

«Әлемді өзгертетін идеялар» дөңгелек үстелі онлайн түрінде беріледі;

«Тұңғыш-Первый» деректі фильм апталығы;

Жас ғалымдар мен мұғалімдерге арналған «Біздің ел – Біздің Президент»  тренинг-семинарлар туралы бейнематериалдарды;

«Әлемді өзгертетін ойлар» атты Республикалық сайыстың салтанатты түрде қорытындылануы туралы.