САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ОРНЫҚТЫ ДАМУҒА СЕРПІН БЕРЕДІ - САРАПШЫЛАР ПІКІРІ

Халықаралық қоғамдастықтың назарын өзіне аударған, жоғары деңгейде ұйымдастырылған Каспий маңы елдерінің V саммитінде Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қойылысымен, сарапшылар қатысушы елдердің құқықтары мен міндеттемелері тұрғысындағы пікірлері мен көзқарастарын білдіруде.

Г.КӨБЕНОВА: ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ АРТТЫРАТЫН ҚҰЖАТ БОЛМАҚ

Ақтау қаласы бұрын-соңды болмаған үлкен тарихи оқиғаның орталығына айналғалы отыр. Себебі 12 тамызда осы қалада Каспий маңы мемлекеттерінің 5-інші саммиті өтіп, онда бес ел мемлекет басшыларының Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтайтын конвенцияға қол қоюы күтілуде. Конвенцияның Каспий маңайы елдерінің өзара келісіп, ондағы барлық пункттердің тараптардың көңілінен шығатындай даярлануына 20 жылдан астам уақыт кетуі оның қаншалықты маңызды екенінен хабар береді.

ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУ – ЕЛІМІЗДІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРАДЫ

Елбасының биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы еліміздің қарқынды дамуына жаңа серпін береді. Стратегиялық құжат халықтың әл-ауқатын арттыруға жол ашады, Қазақстан экономикасын дамудың жаңа кезеңіне жетелейді. Алмағайып замандағы жаһандық сын-қатерлерге жауап беретін Жолдаудың маңыздылығын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының қызметкерлері алға тартып отыр.

Астана - әсемдік пен мәдени алқап жазирасы

Астана – әлемдегі ең жас астана. Ол Қазақстан Республикасының әкімшілік орталығы мен және 877,7 мың тұрғына бар (2016 жыл 1 қаңтарға дейнгі статистикалық жағдайы бойынша), өте қызу дамитын қалалық инфрақұрылым, Астана тұрғындары мен келіп-кетуші қонақтарға толық жабдықталған үйлесімді де жайлы өміршеңдікпен қамтамасыздандырады. Қала - жаңа мүмкіншіліктер мен жаңа бастаулармен толы. Тәуелсідік Қазақстан мен заманауи дәуірді іс жүзінде қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.

Қазақстандағы президенттік институт: қалыптасу ерекшеліктері мен алдағы перспективалары

Қазақстан мемлекеттік құрылыстың ұзақ та жеткілікті деңгейде қиын жолынан өтті. Бұл жерде егемен Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасу үдерістері республиканың КСР Одағы құрамында болған кезеңінде басталғанын атап өткен орынды. 1985-1991 жылдары Михаил Горбачев бастаған Одақ басшылығы жүргізген қайта құру саясаты айтарлықтай әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге алып келсе, оның ақыры сол кезде өмір сүрген партиялық-мемлекеттік жүйенің бұзылуына, ал кейін КСРО-ның ыдырауына соқтырды.

АСТАНАНЫҢ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛУЫ

1998 жылдың 10 маусымында Қазақстан Республикасының Президенті Халықаралық аренада еліміздің жаңа елордасын – Астана қаласын ресми түрде таныстырды. Бүгін мақтанышпен бас қаламыздың кәмелетке жетуін тойлап отырмыз.

ЖАҢА НАҚТЫ АХУАЛ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК НАРЫҒЫН ТЕҢДЕСТІРЕДІ - САРАПШЫ

www.ortcom.kz Ұзақ уақыт бойы көмірсутектерге деген жоғары бағалар Қазақстанның мұнай-секторын жоғары тиімді етіп тұрды, бұл көптеген мамандар мен инвестицияларды тартты. ҚР Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы Кітапханасының Стратегиялық зерттеулер және болжамдау қызметінің басшысы Михаил Мироненко жаңа экономикалық ахуал бұл үрдісті өзгертетініне сенімді.

ИНСТИТУЦИОНАЛДЫ ҚАЙТА ҚҰРУСЫЗ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚСЫЗДЫҚТЫҢ АСУЫНАН ӨТУ МҮМКІН ЕМЕС - ЭКОНОМИСТ

www.ortcom.kz Қазақстан халқына Жолдауында Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі экономикалық тұрақсыздықтың теріс көріністеріне қарсы әрекет ету үшін тиімді жолдарды ұсынады. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында осындай пікірді ҚР Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы Кітапханасының Стратегиялық зерттеулер және болжамдау қызметінің басшысы Михаил Мироненко білдірді.

Астана еліміздің келешегінің ордасы

Қазақстанның тәуелсіз жылдар аралығындағы айтулы жетістіктерінің бірі ол еліміздің жаңа ордасы Астананың салынуы болды. Жаңа Астана халқымыздың тарихындағы жаңа қоғам, экономика құруға және жаңа белестерді бағындыруға жол ашты.

Беттер