2019 жылғы 13 ақпанда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында екі күндік семинар-тренингтің жаңа маусымы басталады. Осы жылғы оқу курсы «Болашаққа жол өзіңнен басталады» тақырыбына арналмақ.
2019 жылғы 12 ақпан күні, 16.00 сағатта Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы кітапханасында Жастар жылына арналған «Ұлы дала жастары» атты мәдени-көрмелік іс-шаралар топтамаларының салтанатты ашылуы өтеді.
5 ақпан күні сағат 17.00-де Елбасы кітапханасы музейінің ғимаратында (Астана қ., Бейбітшілік 11) Ирандағы ислам революциясы жеңісінің 40 жылдығына арналған «Иран калиграммасы» көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.
Көрмені Елбасы кітапханасы «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық жобасы аясында Иран Ислам Республикасының Елшілігімен бірлесе ұйымдастырды.
2019 жылдың 4 ақпанында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –Елбасы кітапханасының ғылыми-ағартушылық жобасы – «Рухани жаңғыру: болашаққа бастар жол» көшпелі семинар-тренингтері өз жұмысын бастайды.
Көшпелі семинар-тренингтері жыл бойына Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында өтеді.
2019 жылғы 1 ақпан күні, 15-00 сағатта Елбасы кітапханасында Президентіміз жариялаған Жастар жылына арналған жас көшбасшылардың «Елжанды жастар – елінің намысы» атты кездесу кеші өтеді.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы әлеуметтік желілердегі үздік фото мен таңдаулы жарияланымға #ЕlbasyКіtаphаnаsynаSapar атты халықаралық байқау жариялайды. Жеңімпаздарды құнды сыйлықтар күтеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 4 қарашадағы №369 Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесі оған «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы» мемлекеттік мекемесін қосу арқылы қайта құрылды.
Оған сәйкес экскурсиялардың кестесі өзгертілді:
10 қаңтар күні, 11.00 сағатта Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Журналистика академиясының академигі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, белгілі ақын және публицист Өтеген Оралбайұлы Оралбаевпен кездесу өтеді.
13 желтоқсан күні сағат 15.00-де, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Елбасы кітапханасында «Қазақ елі – Мәңгілік ел» тарихи көріністердің шеруі өтеді.
2018 жылғы 12 желтоқсанда, сағат 17.00-де Елбасы кітапханасының музей ғимартында «Әлем халықтарының музыка аспаптары», «Қазақстанның спорттық даңқы» атты тұрақты тың экспозициялардың ашылу салтанаты өтеді. Олардың тұсауы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орайластырып кесілмек.
1921 жылы 19 ақпанда Қызылқоға ауданы Тайсойған ауылында көрнекті ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Ұлы Отан соғысының ардагері, Президенттік...
2019 жылғы 12 ақпан күні, 16.00 сағатта Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы кітапханасында Жастар жылына арналған «Ұлы дала жастары» атты мәдени-көрмелік іс-шаралар топтамаларының салтанатты ашылуы өтеді.
Сіз мәтінді келесі мәтіннен анықтадыңыз:
Есепті аяқтау үшін «Жіберу үлгісін» түймешігін басыңыз. Пікір қосуыңызға болады.