Аңдатпа

03.10.2017 | «ЖАҺАНДЫҚ ӘЛЕМДЕГІ ЗАМАНАУИ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

2017 жылдың 3 қазанында сағ. 15.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының Музейі ғимаратында (Бейбітшілік к-сі, 11) «Қазіргі кезеңдегі Қазақстан» ғылыми жобасын жүзеге асыру және халықаралық ынтымақтастық аясында «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтеді.

22.09.2017 | «ДАЛА ӘУЕНІ» АТТЫ ЖҰБАНИЯЗОВТАР ОТБАСЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КӨРМЕСІ

2017 жылдың 27 қыркүйегі, сағат 17.00-де Елбасы кітапханасы ғимаратында (Ә. Бөкейхан көшесі, 10) сәндік-қолданбалы өнер шеберлері Жұбаниязовтар отбасының «Дала әуені» атты шығармашылық көрмесінің ашылуы өтеді.

20.09.2017 | ЕЛБАСЫНЫҢ КІТАПХАНАСЫ ЖӘНЕ ҚОРЫ ЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА «ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕЛБАСЫ» КОНКУРСЫН ЖАРИЯЛАЙДЫ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы мен Қоры баспа және электрондық бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» тақырыбы бойынша таңдаулы материалдарға жыл сайынғы ашық шығармашылық конкурс жариялайды.

15.09.2017 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МИГРАНТТАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНБАҚ

2017 жылдың 18 қыркүйекте, сағат 13:00-де  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында «Мигранттардың осалдығы және Орталық Азиядағы ықпалдастықтың қажеттігі» атты Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҚҰ) жобасы талқыланады.

13.09.2017 | «ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ: МӘҢГІЛІК ЕЛ» СЕМИНАР-ТРЕНИНГІ: ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА ОҚУ МАУСЫМЫ АШЫЛДЫ

Ағымдағы жылдың 13 қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында «Қазақстан жолы: Мәңгілік Ел» семинар-тренингілерінің жаңа оқу маусымы басталады. Аталмыш курс бойынша оқыту жұмыстары 2017 жылдың ақпанынан бері жүргізіліп келеді. Бүгінде оған қатысқан тыңдаушылардың саны 947 адамды құрап отыр.

11.09.2017 | «ЕЛБАСЫ ЕРІКТІЛЕРІ» ЭКСПО-2017 КҮНДЕРІНДЕГІ ЖҰМЫСТАРЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАУДА

2017 жылдың 12 қыркүйегінде, сағат 17.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Кітапханасында еріктілер қызметінің қорытындысына арналған «Болашақ энергиясы – Елбасы еріктілері» атты салтанатты іс-шара өтеді.

28.08.2017 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА «ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҰЛЫБРИТАНИЯ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН-БРИТАН ҚАТЫНАСТАРЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КЕЗДЕСУІ ӨТЕДІ

2017 жылғы 31 тамызда, сағат 10:00-де  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында «ХХІ ғасырдағы Ұлыбритания және Қазақстан-Британ қатынастары» тақырыбында халықаралық кездесу өтеді. Іс-шараны Елбасы кітапханасының Талдау орталығы мен Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің елшілігі ұйымдастырады.

25.08.2017 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ БАЛАЛАРҒА «МЕНІҢ ОТАНЫМ - ҚАЗАҚСТАН» МЕРЕКЕЛІК САБАҒЫН ӨТКІЗБЕК

2017 жылдың 29 тамызда, сағат 11:00-де  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында Конституция күніне арналған «Менің Отаным – Қазақстан» мерекелік сабағы өтеді.

23.08.2017 | 16 ЖАСАР КОМПОЗИТОРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ: «ҰЛЫ ДАЛА ТОЛҒАУЫ» КҮЙ КЕШІНІҢ БАРЫСЫНДА 50 КҮЙ ОРЫНДАЛМАҚ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында 25 тамыз күні, сағат 14:30-да республикалық, халықаралық конкурстардың лауреаты, 16 жасар күйші, композитор Ғаламат Бейсеқожаның күй кеші өтеді. Іс-шара Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылмақ.

04.08.2017 | «АБАЙ ОҚУЛАРЫ» АТТЫ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ӘДЕБИЕТ САЙЫСЫ ЖАРИЯЛАНАДЫ

«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!». Елбасы кітапханасы қазақтың ұлы ақыны, дана ойшылы, сазгер, ағартушы, қоғам қайраткері, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушысы және тұңғыш классигі Абай Құнанбайұлының туған күніне арналған «Абай оқулары» атты жыл сайынғы әдебиет сайысын жариялайды. Әдебиет сайысының шарттары: 1. Абайдың кез келген өлеңін (немесе қара сөзінен үзінді) бейнеге түсіру  керек (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде).

Беттер