Аңдатпа

27.04.2017 | «Әлемді өзгертетін идеялар» ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары анықталады

2017 жылдың 28 сәуірінде сағат 15:00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейінде (Бейбітшілік к-сі, 11) оқушылар арасындағы «Әлемді өзгертетін идеялар» ғылыми жобалар байқауының ақтық кезеңі және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді. Байқауды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейі және «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырып отыр. Байқаудың негізгі мақсаттары мен міндеттері:

20.04.2017 | ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРЕЗИДЕНТТІК ИНСТИТУТТЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТЕДІ

2017 жылдың 24 сәуірінде сағат 15.00-де  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында (Ә. Бөкейхан көш., 10) «Президенттік институт – Қазақстан Республикасындағы мемлекеттіліктің негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

31.03.2017 | «ПЕТРИКОВ ЖАЗУЫ – АДАМЗАТТЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС МӘДЕНИ МҰРАСЫ» ЖЕКЕ КӨРМЕСІ АШЫЛАДЫ

2017 жылдың 3 сәуірінде сағат 17.00-де Елбасы кітапханасының музейі ғимаратында (Бейбітшілік к-сі, 11) украин суретшісі, Украинаның Ұлттық суретшілер одағының мүшесі, Морестен қаласының (2013, Франция) заманауи өнер қауымдастығының мүшесі Галина Назаренконың «Петриков жазуы – адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы» атты шеберлік-сыныбы және жеке көрмесінің ашылуы өтеді.

27.03.2017 | «СУРЕТТЕРДЕ БЕЙНЕЛЕНГЕН ТАҒДЫРЛАР» КӨРМЕСІ АШЫЛАДЫ

2017 жылдың 29 наурызында сағат 17.00-де «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейі ғимаратында (Бейбітшілік к-сі, 11)  «Суреттерде бейнеленген тағдырлар» көрмесінің ашылуы өтеді. «Ұлттық игілік» көрме жобасының аясындағы жаңа экспозиция Атырау облысы Ш. Сариев атындағы көркемсурет және сәндік-қолданбалы өнер музейінің 25 жылдығына арналған.

16.03.2017 | ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН «АТАДАН МҰРА» КҮЙІНІҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТЕДІ

2017 жылдың 17 наурызында сағат 15.00-де  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында (Ә.Бөкейхан көшесі, 10) 15 жастағы күйші Ғаламат Бейсеқожаевтың Мемлекет басшысына Н.Ә. Назарбаевқа арнаған «Атадан мұра» күйінің тұсаукесері өтеді.

14.03.2017 | «ART SAPAR I/ASTANA» КӨРМЕСІ АШЫЛАДЫ, МҮСІН ЖӘНЕ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ БОЙЫНША ШЕБЕРЛІК-СЫНЫПТАР ӨТКІЗІЛЕДІ

2017 жылғы 16 наурызда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейі ғимаратында (Бейбітшілік к-сі, 11) «Art Sapar I/Astana» көрмесі ашылады және мүсін және бейнелеу өнері бойынша шеберлік-сыныптар топтамасы өтеді. Оның аясында «Art Sapar of Kazak Eli» жас суретшілердің жылжымалы көрмесі жобасының бірінші кезеңі өзінің мәресіне жетпек.

03.03.2017 | Көп балалы аналарға қошемет көрсетіліп, Қарақат Әбілдинамен сырлы кездесу өтеді

2017 жылғы  7 наурызда сағат 11.00-де  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында (Астана қ., Ә.Бөкейхан көшесі, 10) 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған тағылымы мол кездесу өтеді.

01.03.2017 | «Олимпиадалық қозғалыс» көрмесі ашылады

2017 жылғы 2 наурызда сағат 17.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейі ғимаратында (Бейбітшілік к-сі, 11) «Олимпиадалық қозғалыс» көрмесі ашылады және пошта маркаларын қалыптау рәсімі өтеді. Жаңа экспозиция Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің 25 жылдығына арналған.

27.02.2017 | «Алғыс айту күні – Қазақстан халқының бірлігі нышаны» дөңгелек үстелі өтеді

2017 жылғы 28 ақпанда сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында (Астана қ., Ә.Бөкейхан көшесі, 10) «Алғыс айту күні – Қазақстан халқы бірлігінің нышаны» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді. Алғыс айту күні қарсаңындағы келелі жиын барысында қазақстандық біртектілік, бірлік пен толеранттылық, «Мәңгілік ел» құндылықтары және Елбасы кітапханасы мен этномәдени бірлестіктер арасындағы ынтымақтастықтың келешегі мәселелері кеңінен қаузалады.

15.02.2017 | «Астана – Қазақстан бірлігі мен тәуелсіздігінің нышаны» жаңа экспозициясы ашылады

2017 жылдың 17 ақпанында сағат 17.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейі ғимаратында (Бейбітшілік көш., 11) бас қаланың Алматыдан Астанаға көшірілуінің 20 жылдығына арналған «Астана – Қазақстан бірлігі мен тәуелсіздігінің нышаны» тақырыбында жаңа экспозиция ашылады.

Беттер