Аңдатпа

01.02.2017 | «Туған жер» көрмесі ашылады

2017 жылдың 3 ақпанында сағат 17.00-де «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының Музейі ғимаратында (Бейбітшілік к-сі, 11) Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының Көркемөнер академиясының академигі, кескіндемеші Марат Тоқсейітовтің «Туған жер» мерейтойлық жеке көрмесінің ашылуы

07.12.2016 | «Бірлік пен жасампаздықтың 25 жылы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді

2016 жылғы 8-9 желтоқсан күндері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –  Елбасының кітапханасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Бірлік пен жасампаздықтың 25 жылы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді.

05.12.2016 | Елбасы кітапханасында «Назарбаев моделі» кітабының тұсаукесері өтеді

 2016 жылғы 7 желтоқсан күні сағат 10:30-да Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасының Талдау орталығы «Назарбаевтың моделі» кітабының тұсаукесерін өткізеді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған жаңа туындының авторлары – Махмұт Қасымбеков, Бақытжан Темірболат, Тимур Шаймергенов. Шараға Қазақстан Республикасының Президенті Кеңсесі өкілдері, мемлекет және  қоғам қайраткерлері, сарапшылар, ғалымдар мен ақын-жазушылар, жоғары оқу орындарының студенттері қатысады.

02.12.2016 | «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» республикалық конкурсының жеңімпаздары марапатталады

2016 жылғы 5 желтоқсан күні сағат 15.00-де БАҚ қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған таңдаулы материалдарға «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» республикалық конкурсының қорытындысы жарияланады. Журналистер арасындағы шығармашылық байқауға Елбасының кітапханасы және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры мұрындық болды.

28.11.2016 | Тәуелсіздіктің мерейлі белесіне тарту

Қаланың тұрғындары мен меймандарын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерекелік шараларды тамашалауға шақырамыз. Елбасы кітапханасында «Тәуелсіз Қазақстан – тұғырлы ел», «Н.Ә. Назарбаев – тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы», «Елбасы жолы», «Әлем қадірлеген Елбасы», «Елбасына естелікке қолтаңба», «Егемен елдің тәуелсіздік шежіресі» көрмелері арқылы бірегей мұрағат құжаттарымен және құнды кітаптармен танысуға болады.

25.11.2016 | Елбасының кітапханасында мемлекеттік және ұлттық мейрамдарға арналған көрмелер ашылады

2016 жылғы 28 қараша күні сағат 15.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –  Елбасының кітапханасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және ТМД құрылуының 25 жылдығына арналған мерекелік шаралар салтанатты түрде ашылады.

23.11.2016 | Елбасының еңбектерін арқау еткен әдістемелік әзірлемелердің үздік авторлары анықталады

2016 жылғы 25 қараша күні сағат 14.30-де Елбасының кітапханасында «Әлемді өзгертетін идеялар» республикалық байқауының жеңімпаздары анықталады. Байқаудың мақсаты - Елбасының идеялары мен бастамаларын оқу-тәрбие жұмыстарында пайдаланудың инновациялық әдістерін анықтау. Оны Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы бірлесе ұйымдастырып отыр.

20.11.2016 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДАҒЫ ЭКСКУРСИЯЛАР

Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына Мемлекет басшысының кітапханасы, «Әлемді өзгертетін идеялар» интерактивтік білім беру кешені, өзге мемлекет басшылары мен ресми өкілдерінің Елбасына сыйға тартқан өнер туындылары, тарихи раритеттер, фото-, бейнематериалдар, елдің шежіресінен сыр шертетін архивтік құжаттар президенттік экспозициялар арқылы ұсынылады. Кітапхананың экспозияларымен робот-гид Айдос таныстырады, келушілерге викторина ойнатып, сертификат табыстайды. Экскурсия кестесі: Дүйсенбі – сенбі: 10:00/ 11:00/ 12:00/ 15:00/ 16:00/ 17:00.

27.10.2016 | Қазақстан мен Қытай: ықпалдастық көкжиектері

2016 жылғы 31 қазанда сағат 14.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында «Еуразия геоэкономикасы: түйісуден ынтымақтастыққа дейін» атты халықаралық ғылыми конференция өтеді.  Келелі жиынды Кітапхананың Талдау орталығы және Қытайды зерттеу орталығы (Астана қ.), Қытай қоғамдық ғылымдар академиясы Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия институты (Бейжің қ.) бірлесе ұйымдастырады.

20.09.2016 | КӨРМЕГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!

27 тамыз күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында Семей полигоны жабылуының 25 жылдығына және Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған екі көрме ашылды. Еліміздің негізгі заңының қабылдануы туралы, тарихи сәтке белсенді  атсалысқан жандар жөнінде «Қазақстан Республикасының Конституциясы – Тәуелсіздігіміздің құқықтық негізі» атты көрме баяндайды.

Беттер