06.11.2015 | «ҚАЗАҚСТАН 2050» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҢЫЗЫ

12 қараша күні сағ. 14.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында Декларацияның қабылданғанына 25 жыл толуына орай «Қазақстан 2050» атты кездесу-семинары өтеді. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды, бұл тәуелсіз еліміздің жаңа тарихы басталған күн. Атаулы дата еліміз үшін аса маңызды, өйткені, сол сәттен бастап егеменді Қазақстан өзіндік көзқарасы бар жеке мемлекет ретінде таныла бастады.

28.10.2015 | Ғарышкер Айдын Айымбетовпен кездесу

29 қазан күні сағат 18:00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында әлемнің 545-ғарышкері,  «Халық Қаһарманы» атағының иегері Айдын Айымбетовпен кездесу ұйымдастырылады. А.Айымбетов «Әлемді өзгертетін идеялар» семинар-тренинг қатысушылары – Ақтөбе және Қызылорда облыстарының мектеп оқушыларымен жолығады. Сондай-ақ кездесуге Елбасы кітапханасының «Кемел Ел» жастарды тәрбиелеу орталығының мүшелері және елорда мектептерінің оқушылары қатысады.

29.09.2015 | Елбасының Кітапханасы білім беру жобасын бастайды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы «Әлемді өзгертетін идеялар» атты білім беру жобасын бастайды. 2015 ж. 1 қазан айынан басталатын апта сайынғы екі күндік семинар-тренингтер жоғары оқу орындарының студенттері (сейсенбі-сәрсенбі), колледж бен мектеп оқушыларына (бейсенбі-жұма) арналады.

23.09.2015 | Еңбек әулеттері мерекесі

25 қыркүйек күні сағат 16:00-де Елбасы Кітапханасында «Еңбек әулеттері мерекесі» тақырыбында кездесу өтеді. Еңбек күні мен ұстаздар мерекесіне арналатын шараның ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы. Шараның мақсаты: ата кәсібін жалғастырушы отбасыларды ұлықтап, оларға құрмет көрсету. Кездесуге ұстаздар (Мақановтар: 11 ұстаз), дәрігерлер (Төлеутаевтар: 14 дәрігер) және теміржолшылар әулеті  өкілдері (Айтбековтер: 20 теміржолшы) шақырылып отыр.

21.09.2015 | «Қазақстандық біртектілік және жалпыұлттық бірлік» семинар-тренингі өтеді

22 қыркүйекте 11.00-де Елбасы Кітапханасында «Қазақстандық біртектілік және жалпыұлттық бірлік» тақырыбында семинар-тренинг өтеді. Семинарды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы  Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің қатысуымен ұйымдастырды.

07.09.2015 | «ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА ҮРДІСТЕР» халықаралық конференциясы

9 қыркүйек күні сағат 14.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасында «Орталық Азиядағы қауіпсіздік саласындағы жаңа үрдістер» тақырыбында халықаралық конференциясы өтеді.

28.07.2015 | «Жаңа әдістер. Жаңа тәсілдер. Жаңа тәжірибе» семинар-тренингі

Астана қаласында шілденің 29-30 аралығында «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы»  мемлекеттік мекемесінде  «Жаңа әдістер. Жаңа тәсілдер. Жаңа тәжірибе» тақырыбында еліміздегі жастар ресурстық орталықтарының қызметін жетілдіруге бағытталған семинар-тренинг өтеді. Жиынға еліміздің барлық өңірлерлерінде ашылған жастар ресурстық орталықтарының басшылары  және жастармен жұмысқа жауапты мамандар қатысады.

14.07.2015 | «НУРСУЛТАН НАЗАРБАЕВ: ЧЕЛОВЕК У ВЛАСТИ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕР РӘСІМІ ӨТЕДІ

2015 жыл 16 шілде сағ.: 11.00-де «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ профессорлар Бүркітбай Аяған мен Әлима Ауанасованың Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметіне арналған «НУРСУЛТАН НАЗАРБАЕВ: ЧЕЛОВЕК У ВЛАСТИ» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өтеді.

09.07.2015 | «Тұңғыш - Первый» деректі фильмдер күні

10 шілде күні Елбасының Кітапханасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жасампаз қызметіне арналған деректі фильмдер көрсетілімі болады. Елбасының Кітапханасы Астана Күніне арналған 1-10 шілде аралығында өткізген Ашық есік күндерін аяқтайды.

Беттер