08.07.2015 | Елбасы Кітапханасының Астана Күніне арналған шаралар тізімі

10 шілде «Тұңғыш – Первый» деректі фильмдер күні. 11.00 – «Астана - орындалған арман» фильмінің көрсетілімі. Мемлекеттік тілде 15.00 – «Астана - орындалған арман»  фильмінің көрсетілімі. Ресми тілде Аккредитация: 8 7172 69-30-53/54, 8 705 296 53 96, е-mail: pr@plibrary.kz, presidentlibrary.pr.kz@gmail.com  

02.07.2015 | «Біздің Президент» кітабының тұсаукесер рәсімі өтеді

3 шілде сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында «Біздің Президент» кітабының тұсаукесер рәсімі өтеді. Басылым мектептердің орта және жоғары сынып оқушыларына, ата-аналарға және ұстаздарға, сондай-ақ Қазақстанның қазіргі заманғы тарихына қызығушылық танытатын барлық оқырманға арналған.

29.06.2015 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ АЛДАҒЫ ІС-ШАРАЛАРЫНЫҢ АҢДАТПАСЫ

30 маусым сағ. 16.00-де Елбасының үзеңгілестерімен кездесу ұйымдастырылады.   Бұл Тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстан негізін қалаушы және Ұлт көшбасшылығы жолындағы ерен қызметі мен рөлі туралы Елбасы үзеңгілестерінің естеліктерінен естіп-білуге мүмкіндік беретін ерекше шара.

27.06.2015 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ АЛДАҒЫ ІС-ШАРАЛАРЫНЫҢ АҢДАТПАСЫ

  29 маусым сағ. 16.00-де Елбасының Кітапханасында «Ұрпақтар кездесуі «Астана: тарихы және болашағы» атты кездесу өтеді.  Жастар ұйымының басшыларымен, ЖОО студенттерімен мемлекеттік және қоғамдық қайраткер Оралбай Әбдікәрімов кездеседі.

25.06.2015 | БАСПАСӨЗ КОНФЕРЕНЦИЯ «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ МЕН ДАМУ КЕЛЕШЕГІ»

26 маусым сағ. 11:00-де Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Елбасы Кітапханасының атқарушы директоры Бейсембай ЖУМАБЕКОВ және директордың орынбасары Тимур ШАЙМЕРГЕНОВТІҢ қатысуымен «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының қызметі мен даму келешегі» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.  

23.06.2015 | Астана күніне арналған іс-шаралар

29 маусым 16.00 – Үш ұрпақтың басқосуы. «Астана: тарихы және болашағы». 30 маусым 16.00 – «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» кездесуі.«Ашық есік күндері»  1 шілде 14.30 – Экскурсия 2 шілде – «Бұқаралық ақпарат құралдары күні» 14.30 – қазақстандық жетекші БАҚ басшыларымен кездесу. 3 шілде – «Бірлік күні»

15.06.2015 | «ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ ТАҒЫЛЫМЫНЫҢ ПАНОРАМАСЫ» онлайн-конференция өтеді

Маусымның 16-да сағат 10.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында «ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ ТАҒЫЛЫМЫНЫҢ ПАНОРАМАСЫ» онлайн-конференция өтеді. Онлайн-режимде өткен шараға еліміз аймақтарынан 4 мекеме қосылып, 150-дің үстінде адам қамтылады. «Толеранттылық тағылымы» - Елбасы кітапханасының тұрақты жобасы. Ол Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына арналған.

11.06.2015 | Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасы

www.akorda.kz 12 маусымда Қазақстан Президентінің төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысы өтеді деп жоспарланып отыр. Онда экологиялық қауіпсіздіктің жайы, қоршаған ортаны қорғау саласында қабылданып жатқан шараларға қатысты мәселелер талқыланады. 15 маусымда Назарбаев Университетінің алғашқы түлектеріне салтанатты түрде диплом тапсыру рәсімі өтеді, оған Мемлекет басшысының қатысуы жоспарланған.

08.06.2015 | Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасы

9 маусымда Қазақстан Президенті Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезі аясында Финляндия Президенті Саули Ниинистёмен кездеседі деп жоспарланып отыр. 10-11 маусымда Мемлекет басшысы «Діни көшбасшылар мен саяси қайраткерлердің бейбітшілік және даму жолындағы диалогы» деген тақырыппен өтетін Съездің жұмысына қатысады Сондай-ақ съезд аясында Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен және Иордания Королі ІІ Абдалламен кездесуі жоспарланған.

02.06.2015 | Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасы

3 маусымда Елбасы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 28-отырысына қатысушылармен бірқатар кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр. 4 маусымда Шетелдік инвесторлар кеңесінің 28-отырысы өтеді. Оның негізгі тақырыбы – Қазақстандағы агробизнесті дамыту. Іс-шараға халықаралық ұйымдар мен ірі компаниялардың басшылары қатысады.

Беттер