Аңдатпа

06.04.2016 | Елбасы кітапханасында ғарыш мәзірі таныстырылады

8 сәуір сағ.: 14:30-да Елбасы кітапханасында академик Ғ.С. Сейтқасымов атындағы Индустриалды – экономикалық колледжі және Еуразия гуманитарлық институты колледжі оқушыларына «Халық Қаһарманы», ғарышкер Айдын Айымбетовпен және Қазақ тағамтану академиясы арнайы тағам өнімдері  және биологиялық белсенді қоспалар лабораториясының жетекшісі, биология ғылымдарының докторы Юрий Синявскиймен кездесу

31.03.2016 | «ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ – ӨТКЕНГЕ ТАҒЗЫМ» - «ПАМЯТЬ ВО ИМЯ БУДУЩЕГО» ЭКСПОЗИЦИЯСЫ ЖҰМЫСЫНЫҢ КЕСТЕСІ

Экспозиция жұмысының кестесі: Дүйсенбі-жұма: сағат 10:00, 11:00, 12:00, 15:00, 16:00, 17:00. Көрмеге 8 (7172) 69-30-42 телефон номері немесе www.presidentlibrary.kz сайтындағы «Оқырмандарға» бөлімі арқылы электронды түрде жазылуға болады. Экспозициялық-көрме залына экскурсия тегін. Экскурсия қазақ және орыс тілдерінде жүреді.

31.03.2016 | 2016 ж. 1 сәуірде ұйымдастырылатын шаралар туралы

1 сәуір күні Елбасы кітапханасында серіктестермен Ынтымақтастық туралы меморандум аясында бірнеше іс-шара өтеді. Сондай-ақ, Елбасы кітапханасы «Әлемді өзгертетін идеялар» әлеуметтік жобасын іске асыру бойынша жұмысты жалғастырады.

18.03.2016 | STEM жобасы (Ғылым. Технология. Инжиниринг. Математика) конкурсының жеңімпаздары – Елбасы кітапханасында

Ағымдағы жылдың 23 наурызында сағат 14.30-да Елбасы кітапханасында Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушылары – STEM (Ғылым. Технология. Инжиниринг. Математика) жобасы конкурсының жеңімпаздарымен кездесу өтеді. Назарбаев Зияткерлік мектептерінің биылғы «VI Наурыз кездесулері» және STEM ғылыми жобалар конкурсы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған.  

17.03.2016 | Елбасы кітапханасында Ұлы Дала дәстүрлері туралы кездесу кеші өтеді

Ағымдағы жылдың 18 наурызында сағат 15.30-да Елбасы кітапханасында ҚазГЗУ гуманитарлық-заң колледжі және Астана қ. медициналық колледжі студенттері Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің Түркология және алтайтану ғылыми зерттеу институтының директоры, профессор Қаржаубай Сартқожамен кездеседі.

15.03.2016 | «АҚШ-тың сыртқы саясаты және оның Орталық Азияда іске асуы» тақырыбында халықаралық конференция өтеді

  Ағымдағы жылдың 18 наурызы күні Елбасы кітапханасының Талдау кешені ҚР Қорғаныс министрлігі жанындағы Әскери стратегиялық зерттеулер орталығы және америкалық Хадсон институтымен бірлесе отырып «АҚШ-тың сыртқы саясаты және оның Орталық Азияда іске асуы» тақырыбында халықаралық конференция өткізеді. Іс-шара Қазақстан Республикасындағы Америка Құрама Штаттарының Елшілігі қолдауымен ұйымдастырылады. Конференция «Назарбаев орталығы» үшін дәстүрге айналған ашық пікірталас форматында өтеді.

26.02.2016 | Еуразия кеңістігіндегі қауіпсіздіктің өзекті проблемалары талқыланады

2 наурызда сағат 9:30 Елбасы кітапханасының Талдау кешені «Еуразия кеңістігіндегі қауіпсіздіктің өзекті проблемалары: тегеурінді талаптар мен шешу жолдары» тақырыбында халықаралық конференция өткізеді.

19.02.2016 | «Миграцияның әлеуметтік-экономикалық салдары: мигранттардың қорғансыздығы және Орталық Азияға интеграция қажеттілігі» ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕГІ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

26 ақпан күні сағат 9.30-да Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында «Миграцияның әлеуметтік-экономикалық салдары: мигранттардың қорғансыздығы және Орталық Азияға интеграция қажеттілігі» тақырыбында жоғары деңгейдегі «дөңгелек үстел» өтеді. Аталған іс-шараны «Әлеуетті көбейту жолымен Орталық Азияға аралас миграциялық ағынға жауап беру» бағдарламасы аясында Елбасы кітапханасының Талдау кешені Орталық Азиядағы Көші-қон халықаралық ұйымының субөңірлік үйлестіру кеңсесімен бірлесіп ұйымдастырылады.

09.02.2016 | ЭКСКУРСИЯ УАҚЫТЫ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы келушілер үшін ұйымдастырылатын экскурсиялардың уақыты: Дүйсенбі-жұма:  10:00,11:00,12:00,15:00,16:00,17:00. Сенбі-жексенбі: 10:00, 12:00, 15:00. Ескерерлігі: экскурсиялар сенбі-жексенбі күндері тек алдын-ала берілген тапсырыс бойынша және кемінде он адамнан тұратын топқа өткізіледі. Тапсырыс ағымдағы аптаның жұма күнгі 15:00-іне дейін қабылданады.

Беттер