Аңдатпа

28.11.2019 | «ТАРИХИ ТАҢДАУ». ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА ЖАҢА КӨРМЕЛЕР АШЫЛАДЫ

29 қарашада сағат 15.00-де Елбасы кітапханасында Тұңғыш Президенті күніне арналған «Тарихи таңдау» ғылыми-экспозициялық жоба аясында іс-шаралар өтеді. «Тарихи таңдау» жобасы аясында жыл сайын еліміздің жаңа саяси тарихының әртүрлі қырлары ашылады. 2019 жылы жобаның негізгі тақырыптары «Тіл туралы» Заңның 30 жылдығына және Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қоғамдық бастамаларының тарихына арналды.

25.11.2019 | «ЕЛБАСЫ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ» КӨРМЕСІ АШЫЛМАҚ

26 қарашада, сағ. 17.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде (Нұр-Сұлтан қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 54) Елбасы кітапханасының жинағынан жасақталған «Елбасы және мәдениет» көрмесінің тұсаукесері өтеді. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күніне орайластырылған көрме көп ұлтты Қазақстан халқының рухани құндылықтарын жаһандық деңгейде ілгерілетуде, мәдениетті қайта жаңғыртуда Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың рөлін бейнелеуді көздейді.

25.11.2019 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДАҒЫ КИНО АПТАЛЫҒЫНЫҢ АЯСЫНДА БЕЛГІЛІ АКТЕР НҰРЛАН ӘЛІМЖАНОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТЕДІ

25 қарашада, сағ. 15.00-де Тұңғыш Президент күніне арналған онкүндіктің аясында Елбасы кітапханасында (Ә. Бөкейхан к-сі, 1) кино апталығының тұсауы кесіледі. Кино апталығының ашылу рәсіміне ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, белгілі актер, тележүргізуші, композитор, «Жас тұлпар» және «Серпер» ҚР жастары одағы сыйлықтарының иегері, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Әлімжанов қатысады.

25.11.2019 | «QAZAQSTAN» ОКЗ ТӨРІНДЕ «ТАРИХИ ТАҢДАУ» АТТЫ ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ АРХИВІ МЕН ҚОРЫНАН ЖАСАҚТАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛМАҚ

27 қараша күні, сағат 16.00-да Тұңғыш Президент күніне арналған Елбасы кітапханасы іс-шараларының онкүндігі аясында «Qazaqstan» орталық концерт залында (Мәңгілік ел к-сі, 10/1) «Тарихи таңдау» көрмесі ашылады. Елбасы кітапханасы музей жинағының архив материалдары мен бірегей жәдігерлері 1991 жылдың негізгі оқиғаларынан сыр шертеді. Олар Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің сайлау сәті мен мемлекет егемендігінің қалыптасу тарихын бейнелейді.

21.11.2019 | «ЕЛБАСЫ. ЖАСТЫҚ. ЖАСАМПАЗДЫҚ» АҚПАРАТТЫҚ-ИМИДЖІК ЖОБАСЫ

2019 жылғы 22 қараша күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған Елбасы кітапханасының іс-шаралар онкүндігінің аясында М.С. Нәрікбаев атындағы KAZGUU университеті (Қорғалжын тас жолы, 8) «Елбасы. Жастық. Жасампаздық» ақпараттық-имидждік жоба бағдарламасы жүзеге асырылатын болады.

19.11.2019 | ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР ОН КҮНДІГІ

Елбасы кітапханасында мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған мәдени және ғылыми-танымдық іс-шараларының дәстүрлі онкүндігі ашылады   Күні, уақыты Өтетін орны Іс-шаралар

18.11.2019 | «ЖАСТАР – ЕЛДІҢ ТІРЕГІ» КӨРМЕСІНІҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛЕДІ

20 қараша күні, сағат 17.00-де Тұңғыш Президент күніне арналған Елбасы кітапханасы он күндігінің аясында мекеменің музей ғимаратында (Бейбітшілік к-сі, 11) «Жастар – елдің тірегі» көрмесі ашылады. Көркем өнер байқауы «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы Елбасының ойын жалғастырады. Оның аясында тарихқа ізін қалдырған ұлтымыздың дара тұлғалары бейнеленген бейнелеу өнері мен қазіргі өнер саласының бірегей галереясы құрылмақ.

11.11.2019 | «ПІШІН МЕН БЕЙНЕ ҮНДЕСТІГІ» КӨРМЕСІНІҢ КӨПШІЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Еліміздің музейлік тәжірибесінде тұңғыш рет Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы Көпшілік бағдарламасын өткізуде. «Пішін мен бейне үндестігі» тақырыптық қор көрмесінің Көпшілік бағдарламасы елорда тұрғындары мен қонақтарына алуан түрлі іс-шаралар тізбесін ұсынады. 2019 жылғы 13-25 қараша күндері Елбасы кітапханасында (Бейбітшілік көшесі, 11) тегін шеберлік сыныптар, кино көрсетілімдер мен дәрістер өтеді.  

07.11.2019 | ЖАЗУШЫ-ДРАМАТУРГ ЖАБАЛ ЕРҒАЛИЕВПЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТЕДІ

7 қараша күні сағат 15.00-де  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы музейінде (Бейбітшілік көшесі, 11) журналист, публицист, жазушы-драматург, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер одағының және Жамбыл атындағы халықаралық сыйлықтардың лауреаты, Қазақстан Республикасы Сенаты Парламентінің V-VI шақырылымдарының депутаты, қоғам қайраткері Жабал Ерғалиевпен кездесу өтеді.  

Беттер