Аңдатпа

19.02.2016 | «Миграцияның әлеуметтік-экономикалық салдары: мигранттардың қорғансыздығы және Орталық Азияға интеграция қажеттілігі» ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕГІ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

26 ақпан күні сағат 9.30-да Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында «Миграцияның әлеуметтік-экономикалық салдары: мигранттардың қорғансыздығы және Орталық Азияға интеграция қажеттілігі» тақырыбында жоғары деңгейдегі «дөңгелек үстел» өтеді. Аталған іс-шараны «Әлеуетті көбейту жолымен Орталық Азияға аралас миграциялық ағынға жауап беру» бағдарламасы аясында Елбасы кітапханасының Талдау кешені Орталық Азиядағы Көші-қон халықаралық ұйымының субөңірлік үйлестіру кеңсесімен бірлесіп ұйымдастырылады.

09.02.2016 | ЭКСКУРСИЯ УАҚЫТЫ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы келушілер үшін ұйымдастырылатын экскурсиялардың уақыты: Дүйсенбі-жұма:  10:00,11:00,12:00,15:00,16:00,17:00. Сенбі-жексенбі: 10:00, 12:00, 15:00. Ескерерлігі: экскурсиялар сенбі-жексенбі күндері тек алдын-ала берілген тапсырыс бойынша және кемінде он адамнан тұратын топқа өткізіледі. Тапсырыс ағымдағы аптаның жұма күнгі 15:00-іне дейін қабылданады.

08.02.2016 | Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан символдары» атты әртүрлі форматтағы іс-шаралар топтамасының презентациясы

2016 жылдың 9 ақпанында сағат 10.30-да Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтуге арналған «Тәуелсіз Қазақстан символдары» атты әртүрлі форматтағы іс-шаралар топтамасының презентациясы өтеді.

20.01.2016 | «Әлем қадірлеген Елбасы» көрмесі 29 қаңтарға дейін жалғасады

Елбасы кітапханасына келушілердің өтініші бойынша «Әлем қадірлеген Елбасы» атты шетел мемлекеттерінің жоғары наградалары көрмесі 29 қаңтарға дейін жалғасатын болды. Өткен жылдың қараша айында ашылған көрмеде әр жылдары Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевқа берілген шетел мемлекеттерінің 40 жоғары наградаларының түпнұсқалары ұсынылған. Аталған наградалар Мемлекет басшысына елдер арасындағы достық пен ынтымақтастық қарым-қатынасты дамытуға қосқан зор үлесі үшін берілген.

18.01.2016 | «БІР БЕЛДЕУ – БІР ЖОЛ: ҚХР ҚАЗІРГІ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТЫ» халықаралық конференциясы

20 қаңтар сағат 10:00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің қолдауымен Елбасы кітапханасының Талдау кешені Қазақстан Республикасындағы ҚХР-мен бірлесіп «БІР БЕЛДЕУ – БІР ЖОЛ: ҚХР ҚАЗІРГІ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТЫ» атты халықаралық конференциясын өткізеді. Конференция қазақстандық және қытайлық сарапшылар қауымдастығының ынтымақтастығы а

09.12.2015 | «Қазақстан – дала өркениетінің мұрагері» дөңгелек үстел өтеді

11 желтоқсан күні сағат 11:30-да Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасында Қазақстан халқы ассамблеясымен бірлескен «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасының қорытындысын шығару жөніндегі іс-шаралар аясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне арналған «Қазақстан – дала өркениетінің мұрагері» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылады.  

07.12.2015 | «ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІККЕ ЖАҢА КӨЗҚАРАС» халықаралық конференциясы

9 желтоқсан күні сағат 10.00-де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасында «ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІККЕ ЖАҢА КӨЗҚАРАС» атты халықаралық конференциясы өтеді. Конференция Елбасы Кітапханасының Талдау орталығы Халықаралық басқарудағы инновациялар орталығымен (Канада) бірлесе отырып ұйымдастырылады.

04.12.2015 | Экскурсияға шақырамыз

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасына экскурсияны көруге шақырамыз. Сіздер экскурсия арқылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметі, оның жасампаз идеяларымен және бастамаларымен жақынырақ таныса аласыздар. Экскурсия қазақ, орыс, және ағылшын тілдерінде тегін жүргізіледі. Экскурсия өткізу кестесі (жеке куәлік арқылы): Бейсенбі – жұма: 10:00-17:45 (үзіліс 13:00-14:30); Сенбі – жексенбі: 10:00-17:00 (үзіліс 13:00-14:30);

Беттер