Аңдатпа

12.05.2015 | ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ ТАҒЫЛЫМЫ

2015 жылдың 15 мамырында сағат 10:00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында «Толеранттылық тағылымы» online семинар-тренингі өткізіледі. Елбасы кітапханасының жаңа жобасы Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына арналады. Шара ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен, Мемлекеттік басқару академиясымен бірлесе өткізіледі.

04.05.2015 | ЖЕҢІС ЭСТАФЕТАСЫ

2015 жылдың 5-6 мамыр күндері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығын атап өтуге арналған шаралар өтеді. «Жеңіс эстафетасы» жобасы өскелең ұрпақтың бойындағы рухани-адамгершілік, азаматтық, патриоттық тәрбиені жетілдіре түсу мақсатында ұйымдастырылады. Шараға қатысушыларға 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы, ондағы жауынгерлер мен олардың ерліктері туралы білім беріледі.

02.05.2015 | «ЖАСЫЛ ҚАЗАҚСТАН» акциясы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы «Жасыл Қазақстан» акциясының басталғанын хабарлайды және жұртшылықты аталған бастаманы қолдауға шақырады. 2015 жылдың 4 мамыры күні сағат 16.00-де Елбасы кітапханасының қызметкерлері, оқырмандары және «Кемел ел» жастар тәрбиесі орталығының мүшелері Назарбаев орталығы ғимаратының аумағына ағаш, тал отырғызуға шығады. Акция «Жасыл Жер» ЖШС қолдауымен өткізіледі. Ұйымдастырушылар бұл ұсынысты еліміз бойынша қолдап, дәстүрге айналдыруға үлес қосушылар табылатынына үмітті.

Беттер