Аңдатпа

23.09.2015 | Еңбек әулеттері мерекесі

25 қыркүйек күні сағат 16:00-де Елбасы Кітапханасында «Еңбек әулеттері мерекесі» тақырыбында кездесу өтеді. Еңбек күні мен ұстаздар мерекесіне арналатын шараның ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы. Шараның мақсаты: ата кәсібін жалғастырушы отбасыларды ұлықтап, оларға құрмет көрсету. Кездесуге ұстаздар (Мақановтар: 11 ұстаз), дәрігерлер (Төлеутаевтар: 14 дәрігер) және теміржолшылар әулеті  өкілдері (Айтбековтер: 20 теміржолшы) шақырылып отыр.

21.09.2015 | «Қазақстандық біртектілік және жалпыұлттық бірлік» семинар-тренингі өтеді

22 қыркүйекте 11.00-де Елбасы Кітапханасында «Қазақстандық біртектілік және жалпыұлттық бірлік» тақырыбында семинар-тренинг өтеді. Семинарды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы  Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің қатысуымен ұйымдастырды.

07.09.2015 | «ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА ҮРДІСТЕР» халықаралық конференциясы

9 қыркүйек күні сағат 14.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасында «Орталық Азиядағы қауіпсіздік саласындағы жаңа үрдістер» тақырыбында халықаралық конференциясы өтеді.

28.07.2015 | «Жаңа әдістер. Жаңа тәсілдер. Жаңа тәжірибе» семинар-тренингі

Астана қаласында шілденің 29-30 аралығында «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы»  мемлекеттік мекемесінде  «Жаңа әдістер. Жаңа тәсілдер. Жаңа тәжірибе» тақырыбында еліміздегі жастар ресурстық орталықтарының қызметін жетілдіруге бағытталған семинар-тренинг өтеді. Жиынға еліміздің барлық өңірлерлерінде ашылған жастар ресурстық орталықтарының басшылары  және жастармен жұмысқа жауапты мамандар қатысады.

14.07.2015 | «НУРСУЛТАН НАЗАРБАЕВ: ЧЕЛОВЕК У ВЛАСТИ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕР РӘСІМІ ӨТЕДІ

2015 жыл 16 шілде сағ.: 11.00-де «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ профессорлар Бүркітбай Аяған мен Әлима Ауанасованың Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметіне арналған «НУРСУЛТАН НАЗАРБАЕВ: ЧЕЛОВЕК У ВЛАСТИ» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өтеді.

09.07.2015 | «Тұңғыш - Первый» деректі фильмдер күні

10 шілде күні Елбасының Кітапханасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жасампаз қызметіне арналған деректі фильмдер көрсетілімі болады. Елбасының Кітапханасы Астана Күніне арналған 1-10 шілде аралығында өткізген Ашық есік күндерін аяқтайды.

08.07.2015 | Елбасы Кітапханасының Астана Күніне арналған шаралар тізімі

10 шілде «Тұңғыш – Первый» деректі фильмдер күні. 11.00 – «Астана - орындалған арман» фильмінің көрсетілімі. Мемлекеттік тілде 15.00 – «Астана - орындалған арман»  фильмінің көрсетілімі. Ресми тілде Аккредитация: 8 7172 69-30-53/54, 8 705 296 53 96, е-mail: pr@plibrary.kz, presidentlibrary.pr.kz@gmail.com  

02.07.2015 | «Біздің Президент» кітабының тұсаукесер рәсімі өтеді

3 шілде сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында «Біздің Президент» кітабының тұсаукесер рәсімі өтеді. Басылым мектептердің орта және жоғары сынып оқушыларына, ата-аналарға және ұстаздарға, сондай-ақ Қазақстанның қазіргі заманғы тарихына қызығушылық танытатын барлық оқырманға арналған.

29.06.2015 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ АЛДАҒЫ ІС-ШАРАЛАРЫНЫҢ АҢДАТПАСЫ

30 маусым сағ. 16.00-де Елбасының үзеңгілестерімен кездесу ұйымдастырылады.   Бұл Тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстан негізін қалаушы және Ұлт көшбасшылығы жолындағы ерен қызметі мен рөлі туралы Елбасы үзеңгілестерінің естеліктерінен естіп-білуге мүмкіндік беретін ерекше шара.

27.06.2015 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ АЛДАҒЫ ІС-ШАРАЛАРЫНЫҢ АҢДАТПАСЫ

  29 маусым сағ. 16.00-де Елбасының Кітапханасында «Ұрпақтар кездесуі «Астана: тарихы және болашағы» атты кездесу өтеді.  Жастар ұйымының басшыларымен, ЖОО студенттерімен мемлекеттік және қоғамдық қайраткер Оралбай Әбдікәрімов кездеседі.

Беттер