14.11.2018 | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ КЕҢСЕСІНІҢ БАСТЫҒЫ МАХМҰД ҚАСЫМБЕКОВТІҢ Қ. ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫ-ПРОФЕССОРЛЫҚ ҚҰРАМЫМЕН ЖӘНЕ БІЛІМ АЛУШЫ ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСУІ

2018 жылдың 14 қарашасында сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директорының міндетін атқарушы Махмұд Қасымбеков Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің оқытушы-профессорлық құрамы және білім алушы жастарымен кездеседі.

30.10.2018 | ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ АКАДЕМИЯСЫ БАСЫП ШЫҒАРҒАН КІТАПТАРДЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ

2018 жылғы 31 қазан күні, 16-00 сағатта Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының аясында Халықаралық Түркі академиясы басып шығарған «Жамиғат-ат тауарих» және «Зикзал» кітаптарының тұсаукесері өтеді.

25.10.2018 | «МӘҢГІЛІК ЕЛ ИДЕЯСЫ: ТАРИХЫ МЕН БОЛАШАҒЫ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТЕДІ

2018 жылғы 26 қазанда 9.30 сағатта Назарбаев орталығының ғимаратында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қорының ұйымдастыруымен «Мәңгілік ел идеясы: тарихы мен болашағы» атты республикалық ғылыми конференция өтеді. Конференция Қазақстанның үшінші жаңғыруы – қоғамның рухани жаңаруы міндеттері мәнмәтінінде өткізіледі.  

24.10.2018 | VIIІ ҚАЛАЛЫҚ АЗАМАТТЫҚ ФОРУМ

2018 жылғы 24 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті -Елбасының кітапханасында «Азаматтық қоғам және мемлекет: Қазақстан халқына арналған Жолдауда жарияланған Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың әлеуметтік бастамаларын жүзеге асыру аясында тиімді ынтымақтастықтың перспективалары» атты VIIІ қалалық азаматтық форум өтеді. Шараның ұйымдастырушылары: Астана қаласының әкімдігі, Астана қаласының Қоғамдық даму басқармасы, «Астана КЕҰ форумы» ЗТБ.   

12.10.2018 | «БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ АРХИТЕКТУРАСЫ» КӨРМЕСІ

2018 жылғы 10-11 қазан аралығында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезі аясында Бейбітшілік және келісім сарайында келушілерге арналған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының қорынан дайындалған «Бейбітшілік пен келісім архитектурасы» көрмесі ұсынылды.

09.10.2018 | «ЕҚЫҰ-НЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ 20 ЖЫЛЫ: ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӘНЕ ЖЕТІСТІКТЕР» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

2018 жылғы 11 қазан күні, 9.00 сағатта Назарбаев орталығының ғимаратында «ЕҚЫҰ-ның Қазақстан Республикасындағы 20 жылы: ынтымақтастық және жетістіктер» халықаралық конференциясы өтеді.  Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен шараның ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы офисі.

08.10.2018 | ЕЛБАСЫНЫҢ КІТАПХАНАСЫ МЕН ҚОРЫ ЖУРНАЛИСТЕРГЕ АРНАП «ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕЛБАСЫ» КОНКУРСЫН ЖАРИЯЛАЙДЫ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Кітапханасы мен Қоры баспа, электрондық және аудиовизуалдық бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің арасында белгіленген тақырыпқа арналған үздік материалға ашық шығармашылық конкурс жариялайды. Конкурстың мақсаты – елдің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін көрсету, Қазақстан мемлекеттілігінің негізі ретінде «Назарбаев моделін», Елбасының идеялары мен бастамаларын танымал ету. Конкурс бес номинация бойынша өткізіледі: 1) «Үздік теледидар материалы»; 2) «Үздік радиоматериал»;

05.10.2018 | «XVIII-XX ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ПОЛЬША ТАТАРЛАРЫНЫҢ ПОЛЬША ТӘУЕЛСІЗДІГІ ҮШІН КҮРЕСІ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

2018 жылғы 8 қазан күні, 12.00 сағатта Елбасы кітапханасында  Польша Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі және Ұлттық естелік институтымен (Польша) бірлесе ұйымдастырылған  «XVIII-XX ғғ. Польша татарларының Польша тәуелсіздігі үшін күресі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді.

02.10.2018 | «РУХАНИЯТ ТІРЕКТЕРІ» АТТЫ ТАҚЫРЫПТЫҚ КІТАП КӨРМЕСІНІҢ АШЫЛУЫ

2018 жылғы 4 қазан күні, 17.00 сағатта  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында жақын арада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI съезіне арналған «Руханият тіректері» атты тақырыптық кітап көрмесінің ашылуы өтеді.

19.09.2018 | ОРТАЛЫҚ АЗИЯ БҰҰ I ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МОДЕЛІ

2018 жылдың 21–22 қыркүйегінде Назарбаев орталығында Халықаралық бейбітшілік күніне арналған Орталық Азия БҰҰ I Халықаралық Моделі өтеді. Іс-шара аясында 21 қыркүйекте сағат 10.15-те «Қазақстан және Біріккен Ұлттар Ұйымы: 25 жылдық әріптестік және табысты ынтымақтастық – жаһандық бейбітшілік, тұрақтылық және тұрақты даму үшін Қазақстан Республикасының бейбіт бастамалары» тақырыбы бойынша конференцияның ашылу рәсімі өтеді.

Беттер