17.09.2018 | «Н. НАЗАРБАЕВ: ДӘУІР, ТҰЛҒА, ҚОҒАМ» КӨШПЕЛІ КӨРМЕ ЖОБАСЫ

2018 жылдың 18 қыркүйегінде сағат 12.00-де Атырау облысы Ш. Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі қор көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтеді.

13.09.2018 | РЕГАТА – ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ СЕРІКТЕСТІК ЖОБАСЫ

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» және «Астана қаласының Білім басқармасы» ұзақ мерзімді  «Мектепаралық музейаралық регата» жобасының басталғаның хабарлайды. Жобаның мақсаты: Елбасы – Кітапханасының музей жинағын Астана қаласының мәдени-білім беру бірыңғай ортасына кіріктіру жолымен көпшілікке насихаттау.

12.09.2018 | КӨҢІЛДІҢ АСЫЛ ПЕРНЕСІ: Н. Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ӘН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры және «М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы» МКҚК  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне арналған жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасындағы «Көңілдің асыл пернесі: Н. Ә. Назарбаевтың ән шығармашылығы» ашық республикалық шығармашылық конкурсын жариялайды.

31.07.2018 | «АБАЙ ОҚУЛАРЫ» ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ӘДЕБИЕТ САЙЫСЫ БАСТАЛДЫ

Елбасы кітапханасы қазақтың ұлы ақыны, композитор, ағартушы, Елбасы кітапханасы қазақтың ұлы ақыны, дана ойшылы, сазгер, ағартушы, қоғам қайраткері, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы және тұңғыш классигі Абай Құнанбайұлының туған күніне арналған «Абай оқулары» атты жыл сайынғы әдебиет сайысын жариялайды. Оның шығармалары әлемнің 60 тіліне аударылған.

02.07.2018 | «ГҮЛДЕЙ ЖАЙНА, АСТАНА!» БАЛАЛАР МЕРЕКЕСІ

2018 жылғы 3 шілдеде, сағ. 11.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының Музейінде «Гүлдей жайна, Астана!» балалар мерекесі өтеді. Елорданың 20 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылып жатқан іс-шара «Бала және мәдениет» жобасы аясында жүргізілмек.

20.06.2018 | АСТАНА ҚАЛАСЫ ТУРИСТІК ФИРМАЛАРЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

2018 жылдың 21 маусымында, сағат 9.30-да Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Кітапханасында («Назарбаев орталығы») Астана қаласы туристік фирмаларының өкілдерімен кездесу өтеді. Кездесу «Open space» форматында өтеді.

19.06.2018 | ЖЕҢІС КӘКЕНҰЛЫНЫҢ «АСТАНА СУРЕТШІ КӨЗІМЕН» АТТЫ ЖЕКЕ КӨРМЕСІ АШЫЛМАҚ

2018 жылғы 20 маусымда, сағат 17.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында танымал кескіндемеші, график, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, публицист Жеңіс Кәкенұлының «Астана суретші көзімен» атты жеке көрмесі ашылады. Елорданың 20 жылдығына орай, Елбасы кітапханасы еліміздің астанасынан сыр шертетін тақырыптық көрмемен іс-шаралар тізбегін жалғастырады.

11.06.2018 | «МИНХВА» КОРЕЙ КЕСКІНДЕМЕСІНІҢ КӨРМЕСІ АШЫЛМАҚ

2018 жылғы 13 маусымда, сағат 16.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының Музейінде «Минхва» атты корей халқының қазіргі заманғы кескіндеме көрмесі ашылмақ. Ашылу салтанаты аясында көрмеде ұсынылған жұмыстардың авторлары мастер-класс өткізеді.

08.06.2018 | ЕЛОРДАНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН АСТАНА ҮЗЕҢГІЛЕСТЕРІНІҢ КЕЗДЕСУІ

2018 жылы 11 маусымда сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы Музейінде Қазақстан елордасының 20 жылдығына арналған  «Астана – болашақтың қаласы» салтанатты іс-шарасы өткізіледі.

05.06.2018 | «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӨЗБЕКСТАН ЖЫЛЫ АЯСЫНДА АЙМАҚТЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ - ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІНДЕГІ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ КЕПІЛІ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

2018 жылғы 6 маусымда, сағ: 11.00-де  Қазақстан  Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында «Қазақстандағы Өзбекстан жылы аясында аймақтық ынтымақтастық – Орталық Азия елдеріндегі тұрақтылықтың кепілі» атты халықаралық дөңгелек үстел өтеді.

Беттер