23.11.2017 | ӘЗЕРБАЙЖАН ТІЛІНДЕГІ «НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ. ӨМІРБАЯН» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ

27 қарашада сағат 11.00-де Елбасы кітапханасында әзербайжан тіліндегі «Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян» кітабының тұсаукесері өтеді. Шараға Қазақстан Республикасының Президенті Кеңсесінің бастығы – Махмұт Қасымбеков, Әзербайжан Республикасы Президентінің қоғамдық-саяси сұрақтар жөніндегі көмекшісі – Әли Гасанов, Халықаралық түркі академиясының президенті – Дархан Қыдырәлі қатысады.

20.11.2017 | «НЕСВИЖ САРАЙ-САЯБАҚ КЕШЕНІ – ӘЛЕМ МӘДЕНИЕТІНІҢ ИГІЛІГІ» ҚОР КӨРМЕСІНІҢ АШЫЛУЫ

2017 жылдың 21 қарашасында сағат 17.00-де Елбасы кітапханасының Музейі ғимаратында «Несвиж сарай-саябақ кешені – әлем мәдениетінің игілігі» фотокөрмесінің ашылу рәсімі өтеді. Көрме кітапхананың «Мәдениет арқылы үн қатысу» халықаралық жобасының аясында Қазақстан Республикасындағы Беларусь Республикасының Елшілігімен бірлесіп ұйымдастырылды. Көрме Қазақстан және Беларусь арасында орнатылған дипломатиялық қатынастардың 25 жылдығына орай іс- шаралар қатарын ұсынатын оқиға болмақ.

27.10.2017 | «ҚАЗІРГІ ҚЫТАЙ: СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР»

31 қазанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының Аналитикалық орталығы қазақстандық Қытайды зерттеу орталығымен бірлесіп «ҚАЗІРГІ ҚЫТАЙ: СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР» сараптама семинарының екінші бөлімін ұйымдастырады. Семинар аясында Қазақстандағы ҚХР Елшісі Чжан Ханьхуэй мырза Қытай үшін маңызды басты қорытынды оқиға – XIX Бүкілқытайлық ҚКП съезі туралы ашық баяндама жасайды.

18.10.2017 | «КӨҢІЛДІҢ АСЫЛ ПЕРНЕСІ: Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ӘН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ» БАЙҚАУЫ

Елбасы кітапханасы жалпы білім беретін мектеп оқушыларының арасында өтетін «Көңілдің асыл пернесі: Н.Ә. Назарбаевтың ән шығармашылығы» ашық республикалық шығармашылық байқауын жариялайды. Байқау Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қоры мен М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайымен бірлесе өткізіледі. Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

09.10.2017 | ӘДІЛҒАЛИ БАЯНДИННІҢ «СУРЕТШІ КӨЗІМЕН» АТТЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КӨРМЕСІ

2017 жылдың 11 қазаны күні сағат 17.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының Музейінің ғимаратында (Бейбітшілік к-сі, 11) суретші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Әділғали Баяндиннің «Суретші көзімен» атты шығармашылық көрмесінің ашылуы өтеді.

03.10.2017 | «ЖАҺАНДЫҚ ӘЛЕМДЕГІ ЗАМАНАУИ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

2017 жылдың 3 қазанында сағ. 15.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының Музейі ғимаратында (Бейбітшілік к-сі, 11) «Қазіргі кезеңдегі Қазақстан» ғылыми жобасын жүзеге асыру және халықаралық ынтымақтастық аясында «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтеді.

22.09.2017 | «ДАЛА ӘУЕНІ» АТТЫ ЖҰБАНИЯЗОВТАР ОТБАСЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КӨРМЕСІ

2017 жылдың 27 қыркүйегі, сағат 17.00-де Елбасы кітапханасы ғимаратында (Ә. Бөкейхан көшесі, 10) сәндік-қолданбалы өнер шеберлері Жұбаниязовтар отбасының «Дала әуені» атты шығармашылық көрмесінің ашылуы өтеді.

20.09.2017 | ЕЛБАСЫНЫҢ КІТАПХАНАСЫ ЖӘНЕ ҚОРЫ ЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА «ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕЛБАСЫ» КОНКУРСЫН ЖАРИЯЛАЙДЫ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы мен Қоры баспа және электрондық бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» тақырыбы бойынша таңдаулы материалдарға жыл сайынғы ашық шығармашылық конкурс жариялайды.

15.09.2017 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МИГРАНТТАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНБАҚ

2017 жылдың 18 қыркүйекте, сағат 13:00-де  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында «Мигранттардың осалдығы және Орталық Азиядағы ықпалдастықтың қажеттігі» атты Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҚҰ) жобасы талқыланады.

Беттер