Аңдатпа

23.11.2018 | «КӨҢІЛДІҢ АСЫЛ ПЕРНЕСІ: Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ӘН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ» ІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ГАЛА КОНЦЕРТІ ЖӘНЕ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАУ РӘСІМІ

2018 жылғы 26 қарашада сағат 15.00-де Назарбаев орталығында Қазақстан Респубикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Көңілдің асыл пернесі: Н.Ә. Назарбаевтың ән шығармашылығы» / «Сокровенные струны души: песенное творчество Н.А. Назарбаева» ІІ Республикалық шығармашылық конкурсының гала концерті және жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізіледі.

22.11.2018 | «ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ. ЖАСАМПАЗДЫҚ. ИННОВАЦИЯЛАР» АТТЫ КӨШПЕЛІ ҚОР КӨРМЕСІНІҢ АШЫЛУЫ

26 қарашада сағат 12.00-де Елбасы кітапханасы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Тұңғыш» көшпелі экскурсиялық жобасының тұсаукесер рәсімін өткізеді.

15.11.2018 | «ӘЛЕМ ТАНЫҒАН ЕЛБАСЫ» БЕЙНЕЛІ КІТАП КӨРМЕСІ

2018 жылғы 16 қарашада сағат 9.30-да Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде әлемдік деңгейдегі саясаткер Н.Ә.Назарбаевтың жоғары беделінің нәтижесі болып табылатын Қазақстанның сыртқы саясат стратегиясына арналған Елбасының Жеке кітапханасының жинақтарынан тұратын «Әлем таныған Елбасы» атты бейнелі кітап көрмесінің ашылуы өтеді.

14.11.2018 | «НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫСТЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МОДЕЛІНІҢ НЕГІЗІН САЛУШЫ» АЙМАҚТЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛІ

2018 жылғы 15 қарашада сағат 10.00-де Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде «Нұрсұлтан Назарбаев – мемлекеттік құрылыстың қазақстандық моделінің негізін салушы» атты аймақтық дөңгелек үстелі өтеді.

14.11.2018 | «ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСТАРЫ» АЙМАҚТЫҚ КӘСІБИ СЕССИЯСЫ

2018 жылғы 14 қарашада сағат 15.30-да С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханада кітапхана, мұрағат, музей салаларының мамандары және мемлекеттік қызметшілер үшін «Елбасы кітапханасының ақпараттық ресурстары» атты аймақтық кәсіби сессия өтеді. Сессия «Музей» автоматтандырылған жүйесінің деректері негізінде музей қорының ғылыми зерттеулерін ұсынатын слайд көрсетілімдерімен «ашық кеңістік» форматында өтеді.

14.11.2018 | «Н. НАЗАРБАЕВ: ДӘУІР, ТҰЛҒА, ҚОҒАМ» КӨШПЕЛІ ҚОР КӨРМЕ ЖОБАСЫНЫҢ АШЫЛУЫ

2018 жылғы 14 қарашада сағат 12.00-де  Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі қор көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтеді. «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» жобасының тұсаукесері Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі жаңа ғимаратының (2 Батыс ш/а, Ораз Тәтеұлы к/сі, 3) ашылуымен тұспа-тұс келеді.

14.11.2018 | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ КЕҢСЕСІНІҢ БАСТЫҒЫ МАХМҰД ҚАСЫМБЕКОВТІҢ Қ. ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫ-ПРОФЕССОРЛЫҚ ҚҰРАМЫМЕН ЖӘНЕ БІЛІМ АЛУШЫ ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСУІ

2018 жылдың 14 қарашасында сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директорының міндетін атқарушы Махмұд Қасымбеков Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің оқытушы-профессорлық құрамы және білім алушы жастарымен кездеседі.

30.10.2018 | ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ АКАДЕМИЯСЫ БАСЫП ШЫҒАРҒАН КІТАПТАРДЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ

2018 жылғы 31 қазан күні, 16-00 сағатта Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының аясында Халықаралық Түркі академиясы басып шығарған «Жамиғат-ат тауарих» және «Зикзал» кітаптарының тұсаукесері өтеді.

25.10.2018 | «МӘҢГІЛІК ЕЛ ИДЕЯСЫ: ТАРИХЫ МЕН БОЛАШАҒЫ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТЕДІ

2018 жылғы 26 қазанда 9.30 сағатта Назарбаев орталығының ғимаратында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қорының ұйымдастыруымен «Мәңгілік ел идеясы: тарихы мен болашағы» атты республикалық ғылыми конференция өтеді. Конференция Қазақстанның үшінші жаңғыруы – қоғамның рухани жаңаруы міндеттері мәнмәтінінде өткізіледі.  

24.10.2018 | VIIІ ҚАЛАЛЫҚ АЗАМАТТЫҚ ФОРУМ

2018 жылғы 24 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті -Елбасының кітапханасында «Азаматтық қоғам және мемлекет: Қазақстан халқына арналған Жолдауда жарияланған Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың әлеуметтік бастамаларын жүзеге асыру аясында тиімді ынтымақтастықтың перспективалары» атты VIIІ қалалық азаматтық форум өтеді. Шараның ұйымдастырушылары: Астана қаласының әкімдігі, Астана қаласының Қоғамдық даму басқармасы, «Астана КЕҰ форумы» ЗТБ.   

Беттер