27.10.2017 | «ҚАЗІРГІ ҚЫТАЙ: СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР»

31 қазанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының Аналитикалық орталығы қазақстандық Қытайды зерттеу орталығымен бірлесіп «ҚАЗІРГІ ҚЫТАЙ: СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР» сараптама семинарының екінші бөлімін ұйымдастырады. Семинар аясында Қазақстандағы ҚХР Елшісі Чжан Ханьхуэй мырза Қытай үшін маңызды басты қорытынды оқиға – XIX Бүкілқытайлық ҚКП съезі туралы ашық баяндама жасайды.

18.10.2017 | «КӨҢІЛДІҢ АСЫЛ ПЕРНЕСІ: Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ӘН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ» БАЙҚАУЫ

Елбасы кітапханасы жалпы білім беретін мектеп оқушыларының арасында өтетін «Көңілдің асыл пернесі: Н.Ә. Назарбаевтың ән шығармашылығы» ашық республикалық шығармашылық байқауын жариялайды. Байқау Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қоры мен М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайымен бірлесе өткізіледі. Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

09.10.2017 | ӘДІЛҒАЛИ БАЯНДИННІҢ «СУРЕТШІ КӨЗІМЕН» АТТЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КӨРМЕСІ

2017 жылдың 11 қазаны күні сағат 17.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының Музейінің ғимаратында (Бейбітшілік к-сі, 11) суретші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Әділғали Баяндиннің «Суретші көзімен» атты шығармашылық көрмесінің ашылуы өтеді.

03.10.2017 | «ЖАҺАНДЫҚ ӘЛЕМДЕГІ ЗАМАНАУИ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

2017 жылдың 3 қазанында сағ. 15.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының Музейі ғимаратында (Бейбітшілік к-сі, 11) «Қазіргі кезеңдегі Қазақстан» ғылыми жобасын жүзеге асыру және халықаралық ынтымақтастық аясында «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтеді.

22.09.2017 | «ДАЛА ӘУЕНІ» АТТЫ ЖҰБАНИЯЗОВТАР ОТБАСЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КӨРМЕСІ

2017 жылдың 27 қыркүйегі, сағат 17.00-де Елбасы кітапханасы ғимаратында (Ә. Бөкейхан көшесі, 10) сәндік-қолданбалы өнер шеберлері Жұбаниязовтар отбасының «Дала әуені» атты шығармашылық көрмесінің ашылуы өтеді.

20.09.2017 | ЕЛБАСЫНЫҢ КІТАПХАНАСЫ ЖӘНЕ ҚОРЫ ЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА «ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕЛБАСЫ» КОНКУРСЫН ЖАРИЯЛАЙДЫ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы мен Қоры баспа және электрондық бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» тақырыбы бойынша таңдаулы материалдарға жыл сайынғы ашық шығармашылық конкурс жариялайды.

15.09.2017 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МИГРАНТТАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНБАҚ

2017 жылдың 18 қыркүйекте, сағат 13:00-де  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында «Мигранттардың осалдығы және Орталық Азиядағы ықпалдастықтың қажеттігі» атты Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҚҰ) жобасы талқыланады.

13.09.2017 | «ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ: МӘҢГІЛІК ЕЛ» СЕМИНАР-ТРЕНИНГІ: ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА ОҚУ МАУСЫМЫ АШЫЛДЫ

Ағымдағы жылдың 13 қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында «Қазақстан жолы: Мәңгілік Ел» семинар-тренингілерінің жаңа оқу маусымы басталады. Аталмыш курс бойынша оқыту жұмыстары 2017 жылдың ақпанынан бері жүргізіліп келеді. Бүгінде оған қатысқан тыңдаушылардың саны 947 адамды құрап отыр.

11.09.2017 | «ЕЛБАСЫ ЕРІКТІЛЕРІ» ЭКСПО-2017 КҮНДЕРІНДЕГІ ЖҰМЫСТАРЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАУДА

2017 жылдың 12 қыркүйегінде, сағат 17.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Кітапханасында еріктілер қызметінің қорытындысына арналған «Болашақ энергиясы – Елбасы еріктілері» атты салтанатты іс-шара өтеді.

28.08.2017 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА «ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҰЛЫБРИТАНИЯ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН-БРИТАН ҚАТЫНАСТАРЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КЕЗДЕСУІ ӨТЕДІ

2017 жылғы 31 тамызда, сағат 10:00-де  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында «ХХІ ғасырдағы Ұлыбритания және Қазақстан-Британ қатынастары» тақырыбында халықаралық кездесу өтеді. Іс-шараны Елбасы кітапханасының Талдау орталығы мен Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің елшілігі ұйымдастырады.

Беттер