Аңдатпа

25.01.2018 | «ДИПЛОМАТТАР – ӘЛЕМ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ТАҚУАЛАРЫ» КӨРМЕСІНІҢ АШЫЛУ

2018 жылдың 30 қаңтарында сағат 17.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында (Назарбаев орталығы ғимараты) халықаралық Холокост құрбандарын еске алу күніне арналған «Дипломаттар – әлем халықтарының тақуалары» көрмесінің ашылу рәсімі өткізіледі. Көрме Елбасы кітапханасының «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық жобасы аясында Израиль мемлекетінің Елшілігімен бірлесіп ұйымдастырылып отыр.

25.12.2017 | ТҰҢҒЫШ БЕЛОРУС БАСПАГЕРІ ФРАНЦИСК СКОРИНАНЫҢ ҚОЛЖАЗБА БАСЫЛЫМДАР ЖИНАҒЫН ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНА СЫЙҒА ТАРТУ РӘСІМІ

2017 жылдың 26 желтоқсан күні, сағат 11-00-де Назарбаев орталығы ғимаратында тұңғыш белорус баспагері Франциск Скоринаның қолжазба басылымдар жинағын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасына сыйға тарту рәсімі өтеді. Іс-шара Елбасы кітапханасының «Мәдениет арқылы үнқатысу» жобасының аясында Қазақстан Республикасындағы Беларусь Республикасының Елшілігімен бірлесіп ұйымдастырылды. Бұл рәсім Қазақстан мен Беларусь арасындағы дипломатиялық қатынастардың 25 жылдығына арналған іс-шараларды жалғастырады.

04.12.2017 | «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» ҰЛТТЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ АЯСЫНДАҒЫ «ТУҒАН ЖЕРІМ» XIII РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ

2017 жылдың 8 желтоқсанында, сағат 11.00-де Елбасы кітапханасында «Туған жерім» XIIІ республикалық балалар шығармашылығының қорытындысы бойынша көрменің ресми ашылуы және жеңімпаздарды марапаттау салтанаты өтеді. Көрме Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне және елорданы Астанаға көшірудің 20 жылдығына арналады.

28.11.2017 | АСТАНАДА «ТІЛ ЖАНАШЫРЫ – 2017» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЛАУРЕАТТАРЫН МАРАПАТТАУ САЛТАНАТЫ ӨТЕДІ

2017 жылғы 29 қарашада сағат 16.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының Музейінде «Тіл жанашыры – 2017» республикалық байқауының лауреаттарын марапаттау салтанаты өтеді.

23.11.2017 | ӘЗЕРБАЙЖАН ТІЛІНДЕГІ «НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ. ӨМІРБАЯН» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ

27 қарашада сағат 11.00-де Елбасы кітапханасында әзербайжан тіліндегі «Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян» кітабының тұсаукесері өтеді. Шараға Қазақстан Республикасының Президенті Кеңсесінің бастығы – Махмұт Қасымбеков, Әзербайжан Республикасы Президентінің қоғамдық-саяси сұрақтар жөніндегі көмекшісі – Әли Гасанов, Халықаралық түркі академиясының президенті – Дархан Қыдырәлі қатысады.

20.11.2017 | «НЕСВИЖ САРАЙ-САЯБАҚ КЕШЕНІ – ӘЛЕМ МӘДЕНИЕТІНІҢ ИГІЛІГІ» ҚОР КӨРМЕСІНІҢ АШЫЛУЫ

2017 жылдың 21 қарашасында сағат 17.00-де Елбасы кітапханасының Музейі ғимаратында «Несвиж сарай-саябақ кешені – әлем мәдениетінің игілігі» фотокөрмесінің ашылу рәсімі өтеді. Көрме кітапхананың «Мәдениет арқылы үн қатысу» халықаралық жобасының аясында Қазақстан Республикасындағы Беларусь Республикасының Елшілігімен бірлесіп ұйымдастырылды. Көрме Қазақстан және Беларусь арасында орнатылған дипломатиялық қатынастардың 25 жылдығына орай іс- шаралар қатарын ұсынатын оқиға болмақ.

27.10.2017 | «ҚАЗІРГІ ҚЫТАЙ: СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР»

31 қазанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының Аналитикалық орталығы қазақстандық Қытайды зерттеу орталығымен бірлесіп «ҚАЗІРГІ ҚЫТАЙ: СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР» сараптама семинарының екінші бөлімін ұйымдастырады. Семинар аясында Қазақстандағы ҚХР Елшісі Чжан Ханьхуэй мырза Қытай үшін маңызды басты қорытынды оқиға – XIX Бүкілқытайлық ҚКП съезі туралы ашық баяндама жасайды.

18.10.2017 | «КӨҢІЛДІҢ АСЫЛ ПЕРНЕСІ: Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ӘН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ» БАЙҚАУЫ

Елбасы кітапханасы жалпы білім беретін мектеп оқушыларының арасында өтетін «Көңілдің асыл пернесі: Н.Ә. Назарбаевтың ән шығармашылығы» ашық республикалық шығармашылық байқауын жариялайды. Байқау Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қоры мен М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайымен бірлесе өткізіледі. Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

09.10.2017 | ӘДІЛҒАЛИ БАЯНДИННІҢ «СУРЕТШІ КӨЗІМЕН» АТТЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КӨРМЕСІ

2017 жылдың 11 қазаны күні сағат 17.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының Музейінің ғимаратында (Бейбітшілік к-сі, 11) суретші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Әділғали Баяндиннің «Суретші көзімен» атты шығармашылық көрмесінің ашылуы өтеді.

Беттер