Кітапхананың музейлік жинағындағы ең басты әрі маңызды топтамалар - ол Елбасының наградалар қоры.  Елбасының наградалар қоры Жоғары мемлекеттік наградалар топтамасы және Қоғамдық наградалар топтамасы болып екіге бөлінеді.

Жоғары мемлекеттік наградалар топтамасына Н.Ә.Назарбаевтың жоғары мемлекеттік наградалары, КСРО мемлекеттік наградалары, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары және шетел мемлекеттік наградалары кіреді.

Қоғамдық наградалар топтамасына мерейтойлық медалдар, ғылыми және құрметті атақтар, мемориалдық заттар (естелік кәдесыйлар, естелік тақтайшалар) және С.А.Назарбаеваның наградалары (мемлекеттік, қоғамдық наградалары, ғылыми және құрметті атақтар) кіреді.

Материалдық мәдениет бұйымдары коллекциясы

     Материалдық мәдениет бұйымдар коллекциясы келесі топтарға бөлінеді: тұрмыстық заттар, жиһаз, макеттер, приборлар, аппаратура, спортттық инвентарь, өнеркәсіп өнімдерінің үлгілері, кәдесыйлар, жазу құралдары.

Киімдер және жұмсақ инвентарь коллекциясы

Киімдер және жұмсақ инвентарь коллекциясы төмендегідей классификацияланады: портреттік, сюжеттік кілемдер, кілем-киіз бұйымдары, ұлттық киімдер, бас киімдер, тулар және т.б.

Бейнелеу өнері туындылары коллекциясы

       Бейнелеу өнері туындыларының коллекциясы 669 сақтам бірлігінен тұрады, бұл коллекция келесі топтардан тұрады: кескіндемелер, паннолар, гобелендер, линогравюралар, автолитография, суреттер, мүсіндер, макеттер мен плакаттар.

Бағалы металдар мен бағалы тастардан жасалған бұйымдар коллекциясы

Бағалы металлдар мен бағалы тастардан жасалған бұйымдар коллекциясы келесі топтарға бөлінеді: кәдесыйлық композициялар, шағын мүсіндер, күмістен жасалған ыдыстар, жазу құралдары, діни бұйымдар, қазақ әшекейлік бұйымдары.     2011 жылдың 15 қыркүйегінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астрахан қаласында өткен Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының аймақаралық VIII форумына қатысты.  

Нумизматика мен қару-жарақ коллекциясы

Қару-жарақ коллекциясы 209 сақтам бірлігін құрайды (қылыштар, қанжарлар, кездіктер, мылтықтар, тапаншалар, автоматтар, винтовкалар), ат әбзелдері мен сауыт-сайман.   Нумизматика коллекциясы бірлігін құрайды, олар: монеталар, ордендер, бонистика (қағаз ақша белгілері), филателия (маркалар), фалеристика (ордендер, медальдар, кеуде белгілері, жетондар).  

Награда қоры

Музей жинағындағы ең басты әрі маңызды орынды Елбасының наградалар қоры алады. Оның құрамына Қазақстан Республикасы және шетелдік мемлекеттердің жоғары мемлекеттік және қоғамдық наградаларының коллекциялары кіреді. Сонымен қатар Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ханой қаласындағы Вьетнам мемлекеттік университетінде болды.  

Кәдесыйлар мен сәндік ыдыстар коллекциясы

Кәдесыйлық бұйымдар коллекциясы мына топтардан тұрады: қобдишалар, шағын мүсіндік бұйымдар, әртүрлі материалдардан дайындалған сервиздер мен ыдыстар. Кәдесый. «ТМД-ға 20 жыл». Оникс. Қолдан жасалған.