2008 жылдың 3 қазанында Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Нұр Отан» ХДП аймақтық филиалының жәрдемдесуімен «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты көшпелі қор көрмесі ашылды.

Көрмені Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Н.С. Әшімов, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі директорының орынбасары К.Қ.Ақтаева, Ардагерлер кеңесінің төрағасы У.С.Сүлейменов ашты.
Көрменің салтанатты ашылуына ҰОС ардагерлері, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, жергілікті басқару органдарының басшылары, жұртшылық өкілдері қатысты.
     Мұндай көшпелі көрмелердің басты мақсаты - егемен Қазақстанның қалыптасуының маңызды кезеңдерін көрсету және еліміздің Тұңғыш Президентінің өмірі мен қызметі туралы айту.
Экспозицияға еліміздің және оның Лидерінің халықаралық беделін мойындау белгісі ретінде іскерлік кездесулер мен келіссөздер, ресми сапарлар кезінде Мемлекет басшысына тарту етілген сыйлықтар қойылған. 175 экспонат әлемнің 32 елінің материалдық және рухани мәдениетінің ерекшеліктерін көрсетеді.
     Экспозицияға күмістен жасалған бұйымдар өзінше көрік беріп тұр: Әзірбайжан Республикасының Президенті И.Әлиевтің бокалдар жиынтығы, Тайланд Корольдігі Ханшайымы Мах Чакри Сириндорн сыйға тартқан ыдыстар жиынтығы. Құбашы (Дағыстан) қару жасау шеберлері дайындаған бірегей бұйымдар – суық қарулар: ХІХ ғасырдың басындағы дуэльге арналған тапаншалар, Катар мемлекеті Тәрбие, ағарту және жоғары білім министрі М. Абдул Рахим Кафуд сыйға тартқан «Қынаптағы қанжар» панносы.
     Экспозицияның бір бөлігі Пекиндегі жазғы Олимпиада ойындарына арналған, келушілер бірегей экспонаттармен – Ұлттық стадионның («Құс ұясы») макетімен, Олимпиаданың ашылу және жабылу салтанаты өткен Пекиндегі жаңа символдық құрылыспен, 2008 жылдың символы «Алау көтерген тышқан» кәдесыйымен, Олимпиада-2008 мөрімен және т.б. танысты.
Көрме 2008 жылдың 3 қарашасына дейін жұмыс істейді.