2008 жылғы қазанның 21-24-і аралығында Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің резиденциясында «Н.Ә.Назарбаев – ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісінің негізін салушы» тақырыбында көшпелі көрме өтті.

ҚР Президентінің жеке мұрағаты қорынан алынған құжаттар мен фотоматериалдар Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан қоғамындағы ұлтаралық және конфессияаралық өзара байланыстардың даму қағидаттары мен әдістерін әзірлеуге қосқан үлесін толық және жан-жақты зерттеуге мүмкіндік береді.
    Көрме «Қоғамда тиімді ұлтаралық келісім моделін жасаудың қазақстандық тәжірибесі» тақырыбында өткен дөңгелек үстелге орай ұйымдастырылды, оған Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының депутаттары, Ресей мен Қазақстан ғалымдары, халықаралық қатынастар саласының мамандары, мәмілегерлер, Мәскеу қ. мәдени-ұлттық ұйымдары мен бірлестіктерінің жетекшілері қатысты.