«Ақмола: тарих тоғысындағы өлке» көрмесі

14 наурыз – 14 сәуір 2014 ж.
      
       «Ақмола: тарих тоғысындағы өлке» көрмесі
 
      «Ақмола: тарих тоғысындағы өлке» көрмесі Музейдің серіктестік көрме жобасы аясында өтті. Экспозицияда  Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі, Көкшетау қаласының тарихы музейі мен Әдебиет және өнер музейлерінің қорларынан материалдар қойылды.
       Ақмола облысы тарихи және мәдени мұраға бай, оның бірегейлігі - алуан түрлі мәдени  ағымдар легі тоғысқан өлке екендігінде. Соның нәтижесінде рухани тамыры терең сақталған полиэтникалық ашық қоғамның ерекше дүниетанымы қалыптасты. Ақмола көптеген ұлы ақындар мен композиторлар үшін, жекелей алғанда, Ақан сері, Біржан сал, үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ және т.б. үшін шабыттың  қайнар бұлағы болған өлке. Бұл туралы Көкшетау қ. үш музейінің сансыз жәдігерлері әңгімеледі.
       Экспозицияда өлкенің әдеби және музыкалық мұрасы туындаған тарихи орта қайта жаңғыртылып, ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басындағы қала мәдениетінің элементтері көрініс тапты. Көрмеге келушілер сонымен қатар ҚР еңбегі сіңген мәдениет қайраткері, белгілі суретші Ю.Г. Поповтың өңірдегі бейнелеу өнері дамуының заманауи үрдістерінен сипаттама беретін көркем қыштан орындаған жеке топтамасымен танысты.