Ақпан 2018

2018 жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасына 8901 адам келді. Оның ішінде: «Назарбаев орталығында» 122 экскурсия жүргізілді. Келушілер саны – 3829 адам болды. Кітапхананың Музей ғимаратында 151 экскурсия жүргізіліп, келушілердің саны 5072 адам болды.

 Елбасы Кітапханасының экспозицияларымен ҚХР КП ОК партияның құжаттамалық зерттеу орталығының басшысы Лэн Жун мырза; ҚР Израиль елшілігінің «Дипломаттар – әлем халықтарының тақуалары» (РФ, Беларусь, Украина, Кыргызстан, Узбекистан), көрмесінің қонақтары, «Қазақстандық жол. Тәуелсіздік дәуірі» » (РФ, Беларусь, Украина, Қырғызстан, Өзбекстан), «Қазақстан-Ресей: Болашаққа бағытталған одақтастық» (ҚР, РФ) халықаралық конференцияларының қатысушылары, Венгрия, ҚХР, Нидерланды, Франция, Өзбекстан, Малайзиядан келген туристер танысты.