Алға ұмтылған Қазақстан

Алға ұмтылған Қазақстан. Аймақаралық (Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы, Оңтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстары) көрмелер каталогі / Жалпы редакциясын басқарған: А. Сағынғали, К. Ақтаева; құрастырушылар Н. Шырымбаева, Б. Хасенова, Ш. Кұнанбаева, Ж. Аубакирова. – Астана: ҚР ТПМ, 2011.
Каталогта ҚР Тұңғыш Президентінің Музейі бастамасымен «Алға ұмтылған Қазақстан» жобасының аясында Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласының «Ұлы тұлғалар бесігі», Оңтүстік Қазақстан облысының «Шырайлы өлкенің шежіресі» және Маңғыстау облысының «Тоқсан жолдың торабында тоғысқан» атты көрмелердің материалдары жинақталған.
2008–2010 жылдарға арналған аймақаралық көрме жобасының нәтижесінде өткізілген көрмелер бойынша Қазақстан өңірлерінің тарихы мен этнологиясының ерекшеліктерін толық әрі көркем суреттейді. Оқырмандардың назарына Семей қаласындағы республикалық мемориалдық, облыстық тарихи-өлкетану музейлер», Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасы, Оңтүстік Қазақстан республикалық, облыстық тарихи-өлкетану музейлері және Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорынан ұйымдастырылып Елордаға әкелінген жәдігерлер ұсынылған.