"АННА ФРАНК КҮНДЕЛІГІНІҢ" ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ТҰСАУКЕСЕРІ ЖӘНЕ «АННА ФРАНК. ТАРИХ САБАҒЫ» КӨРМЕСІ

04.02.2020 г.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасында 2020 жылдың 4 ақпанында "Анна Франк күнделігінің" қазақ тіліндегі тұсаукесері және «Анна Франк. Тарих сабағы» көрмесінің ашылуы өтті.

Аталмыш іс-шара Холокост құрбандарын еске алу күніне арналған Қазақстандағы Израиль және Нидерланды елшіліктерімен, сондай-ақ «Steppe&World» баспасымен бірлесіп, Елбасы кітапханасының «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық жобасы аясында ұйымдастырылды.

«Анна Франк. Тарих сабағы» атты көрменің материалдары Холокост қырғынына душар болған еврей халқының қасіреті мен кішкентай қыздың тағдырынан сыр шертеді. Экспозиция халықаралық көрерменді Анна Франк тарихымен таныстыру мақсатында ұйымдастырылған, оның бейнесі арқылы адамның қайсарлықпен күнделікті өмір бейнесін  және болашаққа деген қадір-қасиеті мен ұмтылысын айқын көрсетеді. Сонымен қатар антисемитизм, дискриминация, қудалау жайында, еркіндік, теңдік және демократия сияқты еңсерілмейтін құндылықтар жайлы материалдар тереңірек ой жүгіртуге мүмкіндік береді.