Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының

Жеке архив

 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының (бұдан-әрі Елбасының) жеке мұрағаты мемлекеттік және қоғамдық қызметі барысындағы өмірбаяндық, шығармашылық материалдардың, құжаттардың түпнұсқаларынан (немесе көшірмеден) құралады.

Елбасының жеке архивте:

1) Тұңғыш Президенттің өмірбаяндық сипаттағы жеке құжаттары, өмірбаяны, естеліктері, жеке хат жазысу құжаттары;

2) Тұңғыш Президенттің қызметі туралы, марапатталуы және сыйлықтар алуы туралы құжаттары, Тұңғыш Президенттің және Тұңғыш Президентке жолданған жолдаулар, үндеулер, құттықтаулар;

3) Тұңғыш Президенттің шығармашылық, мәдени, ғылыми қызметі туралы құжаттар: күнделіктер, мемуарлар, қолжазбалар, баспа еңбектер, суреттер, сызбалар, миниатюралар, эскиздер, нобайлар, кітаптардың гранкалары мен беттеулері, түзетулері бар мақалалардың үлгілері, афишалар, үзінділер, конспектілер, ғылыми баяндамалардың мәтіндері, сөйленген сөздердің қолжазбалары;

 4) Тұңғыш Президенттің қоғамдық қызметі бойынша құжаттар, баяндамалардың, есептердің, қызметтік жазбалардың алғашқы қолжазбалары мен көшірмелері, сайлауалды бағдарламалардың мәтіндері;

5) Тұңғыш Президенттің жұмыс үшін және қызығушылық танытқан тақырыптар бойынша жинаған құжаттары (мақалалар, естеліктер, үнқосулар, газет және журнал жарияланымдары, өзге тұлғалардың қолжазбалары мен хаттары, газеттерден, журналдардан, құжаттардан қиып және көшіріп алынған тақырыптық топтамалар және т.б. );

6) мәтіндік ілеспе ақпараты, мазмұны, орны, күні, түсірген авторы көрсетілген аннотациялары бар  фото-, фоно-, бейне-, киноқұжаттар, бейнелеу материалдары (негативтер, позитивтер, слайдтар, фотоальбомдар);

7) отбасы мүшелері мен жақын туыстарының құжаттары сақталады.

Елбасының өмірі мен қызметінен сыр шертетін жеке сипаттағы құжаттар аса құнды: үлгерім табелі, куәлік, көрікшінің рұхсат қағазы, құрмет грамотасы, алғыс хаттары, мандаты, депутаттық билеттері, ата-аналарының құжаттары және туған жері жайлы мәліметтер.

Сонымен қатар, Елбасының жеке архивтегі құжаттар тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу үрдісін, Президенттік институттың қалыптасуын, еліміздің мемлекеттік құрылысын, жаңа астананың бой көтеруін, заң шығарушы және атқарушы билікті құруды, басқару аппаратын дамытуды және жетілдіруді, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және саяси салалардағы жетістіктерді сипаттайды.