«Art SaparI/Astana» көрмесі

16 – 29  наурыз 2017 ж.
 
«Art SaparI/Astana» көрмесі
 
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейі ғимаратында  «Art Sapar of Kazak Eli» жас суретшілердің жылжымалы көрме жобасының алғашқы кезеңін аяқтайтын «Art Sapar I/Astana» көрмесі өтті.
 
 «Art Sapar of Kazak Eli» жылжымалы көрме жобасы  2013 жылы суретші Анар Әубәкір бастаған Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлектері - жас талантты суретшілер тобының бастамасымен жүзеге асты. Алғаш рет «Art Sapar» көрмесі өткен және ел ішіне сапар шегуге бастау алған Павлодар қаласы болатын. Кейінгі жылдары көрме Семей, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Қарағанды, Теміртау, Көкшетау, Петропавл, Өскемен және Ақтау қалаларында болды.
 
16 наурызда көрменің ашылу рәсімі алдында БКМ-ЮНЕСКО клубының оқушылары үшін шеберлік-сыныптары өткізілді: кескіндеме бойынша – Анар Әубакір және мүсін бойынша - Данияр Сарбасов.
 
Шеберлік сыныбы барысында Данияр Сарбасов өзінің тәжрибесін оқушылармен бөлісті: «Мен үшін шеберлік сыныбын өткізу үлкен құрмет әрі өте жауапты іс. Мен сіздерге өзімнің биыл жасалған жұмысымды таныстырып, өзімнің тәжрибеммен бөліскім келеді. Менің жұмыстарым өскелең жас ұрпаққа, болашақ мүсіншілерге үлгі болып, шабыт беруін қалар еді.  Көрме өткізілген әрбір қалада болсын, кескіндемелер, мүсін және қолөнер туындыларының көрме жинақтары жаңа туындыларымен толығып отырды. Осылайша жоба, тек қалаларға саяхат жасап өз авторларының шығармашылық өмірі мен жетістіктерін көрсетіп қана қоймай, түрленіп те отырды.
 
Өкінішке орай Қазақстанда мүсіншілер саны санаулы, ал олардың қатарында үздіксіз шығармашылықпен айналысатындары одан да аз. Менің жұмысымдағы ең қажеті шығармашылық шабыт. Шебердің шабыты, музасы болмасы жұмысқа деген құлшынысы болмайды. Сонымен қатар, мүсін жасау өте көп уақытты және қаражатты қажет етеді. Бір жұмысты дайындау үшін балшықтан пішін жасап оны балауызбен өңдеп қоладан құю керек, кейіннен мүсінді тегістеп ажарлайды.
 
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директорының орынбасары өзінің алғы сөзінде:
 
2008 жылдан бастап Кітапхана музейінде «Үкілі үміт» атты жастар шығармашылығын қолдау бойынша жоба сәтті іске асуда. Бұл жобаның арқасында көптеген жас таланттар өздерінің жұмыстарын көпшілікке таныта білді. Жобаның негізгі мақсаты – республикамыздың, алыс және жақын шетел мемлекеттерінің талантты суретшілерінің, мүсіншілерінің, сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің жарқын жетістіктерін елордамыздың тұрғындарына және қала қонақтарына паш ету.
 
Осы біздің музейімізде Анар Әубәкір, Ренат Елубай, Бейбіт Әсемқұл, Жанна Нүгербек сынды жас суретшілер мен мүсіншілердің алғашқы жеке көрмелері қткен болатын. Жақында жас әрі талантты суретші Гүлдана Жұрқабаеваның жеке көрмесі ашылды.  «Art Sapar I/Astana» көрмесі «Үкілі үміт» жобасының лайықты жалғасы болып табылады.
 
Анар Әубәкір өзінің сөзінде «Art Sapar» жобасы жайлы айтып өтті: «Art Sapar» - бұл ерекше жоба, себебі жобаның авторларының барлығы әртүрлі жанрларда  және техникаларды жұмыс жасайды, әрқайсысы өзіндік шығармашылық тәжрибеге ие. Көрме өткізілген әрбір қалада болсын, кескіндемелер, мүсін және қолөнер туындыларының көрме жинақтары жаңа туындыларымен толығып отырды. Осылайша жоба, тек қалаларға саяхат жасап өз авторларының шығармашылық өмірі мен жетістіктерін көрсетіп қана қоймай, түрленіп те отырды.
 
Көрмеде 70 аса жұмыс ұсынылған. Бұл жоба аясындағы Астана қаласындағы алғашқы көрме. Мен үшін бұл өзімнің шығармашылығымдағы жаңа кезең және соңғы 5 жылда атқарылған жұмысты көрсететін есептік көрме. Жоба авторларының ішінде кескіндеме және графикадан ұсынған: Анар Әубәкір, Ғалия Төремұратова, Алмас Нұрғожаев, Али Закир, Қадыр Мақсұтқан, Мөлдір Сағындықова; мүсіннен: Талғат Жұмағұлов, Бағдат Сарсенбиев, Жанна Нүгербек, Данияр Сарбасов; сәндік-қолданбалы өнерден: Наталия Баженова, Бауыржан Досжанов, Гүлмарал Татибаева. Әрбір автордың даралығын білдіретін, әлемге деген өз көзқарасы бар, бірақ барлық жас туындыгерлерді біріктіретін белсенді өмірлік ұстанымы, олардың жасампаздыққа ұмтылысы. Олардың көпшілігі Қазақстан тарихындағы көркемдік бейнелер мен бай дәстүріміздің мәдени бастауларынан шабыт алады.