«АСТАНА – БЕЙБІТШІЛІК ҚАЛАСЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

2018 жылғы 5 маусымда, 10-00 сағатта  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы(Әлихан Бөкейхан көшесі, 1) Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласының 20 жылдығына арналған«Астана – Бейбітшілік қаласы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді. Келелі жиынды Елбасы кітапханасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорымен бірлесе ұйымдастырып отыр.

Халықаралық конференцияның пленарлық отырысынаҚазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, Астананың тұңғыш әкімі (1997-2003, 2014-2016 ж.ж.) Әділбек Жақсыбеков,  Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов, шет мемлекеттердің бұрыңғы басшылары, Парламент депутаттары, халықаралық, дипломатиялық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың өкілдері, Түркия, Поляк Республикасы, ТМД елдері және басқа да елдердің ғалымдарықатысады.

 Халықаралық конференция Қазақстан астанасының даму қорытындыларын және оның Еуразияның маңызды геосаяси орталығы ретіндегі болашағын талқылауға қазақстандық және шет мемлекеттердің саясаткерлерін, беделді сарапшыларын тарту мақсатында өткізіліп отыр. 

 Халықаралық конференцияда елордамыз Астана қаласының 20 жылдығына байланысты геосаяси, тарихи, экономикалық, дипломатиялық, әлеуметтік, құқықтық және басқа да қырларын талқылау ұсынылады.

Конференция үш сессиядан тұрады:

I сессия – Астана - халықаралық диалог алаңы: тарих, трендтер, болашағы;

II сессия­– Болашаққа бағдар: ақылды және жаһанды көпбағытты қала;

III сессия – Астана – қаржылық, сауда және көлік инновациялық хабы.

 

Қатысушыларды тіркеу уақыты 9.00-ден басталады.