Қазақстанның тәуелсіз жылдар аралығындағы айтулы жетістіктерінің бірі ол еліміздің жаңа ордасы Астананың салынуы болды. Жаңа Астана халқымыздың тарихындағы жаңа қоғам, экономика құруға және жаңа белестерді бағындыруға жол ашты.

Әрине, бүгін Астананың республикамыздың басқа өңірлерімен салытырғанда көптеген ерекшеліктері бар. Олардың ішіндегі ең маңыздыларының бірі ол Астананың еліміздің ортасындағы ыңғайлы коммуникация, көлік, темір және әуе магистральдары тоғысқан географиялық орталығында орналасуы. Сонымен қатар, бас қаламыз келекшекте өзінің дамуы мен құрылысы үшін қажетті ресурстар мен бос жер көлемдеріне ие. Осыған қоса, Астанада адами және өнеркәсіптік әлеует де үстем.

Әлемдегі басқа астаналармен салыстырғанда, біздің Астанамыз дамуын енді бастап келе жатырған жас қала. Алайда, Қазақстанның келешегі еліміздің ордасы Астанамен байланысты болатындығы күмән келтірмейді.

Бүгін Астана Дүниежүзілік астаналар ассоциациясы мен ТМД елдеріндегі ірі қалалар атты ерікті әрі бейкоммерциялық ұйымдардың мүшесі. Олардың басты мақсаты – ТМД елдеріндегі ірі қалалардың атқарушы және өкілетті биліктерінің арасындағы өзара бірлескен шешімдер мен шараларды қабылдап, әлеуеттік – экономикалық дамуға серпін беру.

Осы жылдарда Астананың сыртқы экономикасы бірнеше рет өсіп, қаланың сауда және экспорттық мүмкіндіктері де артқан. Оның дәлелі ретінде статистикаға сәйкес қаланың сыртқы сауда айналымының тұрақты түрде өсуін айтуға болады.

Сонымен қатар, қаланың өнеркәсіп өндірісі, құрылысқа бағытталған инвестициялар мөлшері, пайдалануға беріліп жатқан тұрғын үй көлемі, қаланы көріктендіру мен көгалдандыру, салық пен бюджетке төленетін төлемдерді арттыру секілді маңызды жұмыстар бар.

Мысалы, өнеркәсіп өндірісінің ұлғаюы 2013 жылғы қолданыстағы бағалар бойынша 276 217 млн. теңгеге жеткен. Оңтайлы динамика инвестициялардың өсуі бойынша да көрініп отыр. Былтырғы жылдың тоғыз айына сәйкес негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 409,5 млрд. теңге құрап, 2013 жылмен салыстырғанда 16,4 пайызға артқан. Инвестициялардың басым бөлігі «Астана – жаңа қала» атты арнайы экономикалық аймақ арқылы келуде. Бұндай арнайы «еркін экономикалық аймақтар» қазіргі уақытта көптеген елдерде кеңінен қолданылып келеді.

Аталған экономикалық және іскерлік белсендік сәйкесінше елорданың құрылыс саласының тез дамуына ықпалын тигізді. 2013 жылдың мәліметінше,  Астанада пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 1101 мың шаршы метрді құраған. Сол себепті Астананың  құрылысы, қала тұрғындары мен Қазақстанның басқа өңірлерінен келген мамандарға елеулі жұмыс орындарымен қамтамасыз етуде.

Осыған қоса, қаланың транспорт-коммуникациялық кешені де тұрақты түрде дамуда. 2013 жылы қала шеңберіндегі көлік жүк айналымының мөлшері 110,2% пайызды көрсетсе, көлік жолаушылар айналымы 112,0% пайызға жеткен.

Сонымен қатар, қала өмірінің маңызды бөлігінің бірі ол шағын және орта бизнестің дамуы. 2015-ші жылдың басында алынған мәлеметке сәйкес, Астанада белсенді және тұрақты шағын және орта кәсіпорындардың саны 46 970 жеткен.

Жалпы алғанда, Астана бүгінде әлемдік мегаполистер секілді кең көлемді өнеркәсіп, құрылыс және сауда-саттық салаларын ұлғайтып, сәйкесінше, қала тұрғындарының әл-ауқатын арттыруда. 2013 жылғы орта айлық шартты еңбек ақысының мөлшері бір маманға шаққанда 159 537 теңгені, немесе жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 107,6 пайыз өсімді көрсеткен. Бұл ортақ республикалық көрсеткіштен де жоғары.

Жаңа елорданың дамуы және оның әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруы, инфрақұрылымының ұлғаюы, қала тұрғындарының санының да өсуіне оң ықпалын тигізді. 2014 жылдың басына қарай Астананың жалпы халқының саны 814 мың адамға жетіп, жыл бұрынғы санақтан орта есеппен 36 мың адамға өсім көрсетті.

Қысқа уақыт ішінде қарқынды дамып келе жатырған еліміздің елордасы Астана бүгінде тәуелсіз мемлекетіміздің жаңа тарихында өзінің атын жазып үлгерді. Сондықтан Астана ол келешектегі еліміздің дамуы әрі Қазақстанның ең озық елдердің қатарына кіру мүмкіншілігінің көрсеткіші.

Астана бүгін мемлекетіміздің ең басты саяси, басқару және реформалық шешімдерді қабылдап отырған орталық. Сонымен қатар Астана әр азаматымызға өз елінің болашағының қандай боларына әрі оны көз алдындарында бейнесін елестетулеріне мүмкіндік беріп отырған қала. Осы тұрғыда Астана еліміздің дамуына арқау боларына күмән келтірмейді.

Астананың ерекшеліктерінің бірі ол қаланың біртіндеп еліміздің мәдени, біліми, интеллектуалды, мағлұматтық және инновациялық орталығы болып келе жатқандығы. Бүгінде Астана Еуразияның да мәдени орталығына айналып келе жатыр.

Мысалы қазіргі уақытта Астанада келесідей     мәдениет мекемелері орналасқан, олар: Мемлекеттік филармония,  Конгресс-Холл, Замануи өнер мұражайы,  С. Сейфуллин атндағы мұражай, «Жастар» кешен орталығы, М.Горький атындағы орыс драматиалық театры, Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық-драма театры, «Қазақстан картасы - «Атамекен» этно-мемориалдық комплексі, және басқа да мәдени ойын-сауық орталықтар.

2013 жылы «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры ашылды. Өзіндік архитектуралық кемелдігі мен техникалық мүмкіндіктері бойынша «Астана Опера» әлемдік театрлардан еш кем түспейді. Бұған қоса елордамызда республикалық маңызы бар көптеген мәдени мекемелер де баршылық, мысалы: К. Байсеитова атындағы Ұлттық опера және балет театры, Президенттік мәдени орталық. Өткен жылдан бері әлемдегі президенттік орталықтарына ұқсастырылып салынып, жұмыс істеп келе жатырған мемлекетіміздің Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы.

Одан басқа, Астанада жыл сайын Қазақстан жастарына мәдениет пен өнердегі табыстарына арналған салтанатты шаралар өткізу - өзіндік қалалық салтқа айналған. Олардың ішінде Астана күнін тойлау, жаңа номинациялармен толығып отыратын «Шабыт» халықаралық жастар шығармашылық фестивалі, «Жас қанат» республикалық жас орындаушылар конкурсы және бард әндеріне арналған кештер. Сонымен қатар, «Астана» халықаралық қазақ әндер конкурсы өткізіледі. Фестивальдің басты мақсаты ол қазақ әндерін шетелдік көрерменге таныстыру, қазақтың ұлттық өнерін насихаттау.

Астанада көптеген ұлттардың мәдени орталықтары шоғырланған. Олардың мақсаттары елімізде тұрып жатырған халықтардың достығын, жерімізге деген патриоттық сезімді және ортақ жергілікті конфессияаралық, ұлтаралық рухани байлықтарды қалыптастыруға бағытталған. Аталған шаралар тек Астананың ғана емес, сонымен қатар күллі Қазақстанның қоғамдық бітімгершілігін, татулығын сақтауға өз үлестерін қосуда.

Сонымен қатар, еліміздің Астанасы Еуразияның ортасында орналасып, сол арқылы жаһандық, халықаралық және халықтар мәдениеттерінің, дәстүрлерінің, діндерінің тоғысып, араласқан орталығына айналды. Мысалы, Астанада тұңғыш рет өткен әлемде ұқсастығы жоқ Халықаралық әлемдік діндер съезі, халқымыздың шын мәнінде өзіндік бойына біткен толеранттық, ашық және мейірбан көңілін айшықтады. Осы діндер съезінің жұмысын қолдау мақсатында Астанада арнайы Бейбітшілік және келісім сарайы салынды. Пирамида түрінде салынған сарай ғимараты халқымыздың осы мақсаттарды қадірлеп, бағалайтынын көрсетті. Айтат кететін жайт, 2003 жылдың қыркүйек айында Астана қаласында тұңғыш рет Әлемдік және дәстүрлі лидерлерінің  I съезі өтті. Бұл кездесуде маңызды халықаралық ұйымдар да қатысты. Олардың ішінде Біріккен ұлттар ұйымы (БҰҰ), Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ), ЮНЕСКО және ЮНИСЕФ те болды. Съез жұмысының аяқталысымен оның қатысушылары символикалық, бірақта тарихи және саяси жағынан маңызы бар съез Декларациясын қабылдады. Сол Астаналық Декларацияға сәйкес съез қатысушылары өз тараптарынан халықтардың бейбітшіл және келісіммен өмір сүрулеру үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында жұмыстануға келісті.

Осы аталған алғашқы кездесуден кейін Астанада Әлемдік діндердің бас қосуы дәстүрге айналды. Бүгінгі күнгі елордамызда Әлемдік Съезінің бес жиналысы өтті. Жақында 2015 жылдың маусым айында өткен V Съезінің тақырыбы «Діни лидерлер мен саяси қайраткерлердің бейбітшілік пен даму жолындағы диалогы» деп аталды. Осындай ауқымды әрі маңызды шараларды өткізу Қазақстанның халықаралық қауымдастық алдындағы ролінің артуы үшін маңызды. Еліміз әлем елдері арасында бейбітшіл құндылықтарды насихаттап, өркениеттер арасындағы достық диалогын ұсынуда. Бұған қоса еліміз осы айтылған ынталы бейбітшіл жұмысының нәтижесі ретінде, көптеген халықаралық ұйымдарда төрағалық етіп үлгерді. Мысалға, ЕҚЫҰ мен Ислам конференция ұйымдары.

Жалпы, осындай атқарылып келе жатырған игі істер Астананы шын мәнінде Еуразияның басты астанасына айналдыруы әбден мүмкін. Астананың өзіндік ерекше географиялық орналасуы мемлекетімізге де тиімді түрде ішкі және геополитикалық ақуалдарға қарамастан оңтайлы сыртқы саясаттарды жүргізуге мүмкіндік береді, және жаңа көптеген халықаралық келісімдерге жол ашады.

Егер де қазіргі уақытта бүкіл постсоветтік кеңестікті алып қарасақ, тарихы қысқа уақытта тәуелсіздіктерін жариялаған егеменді мемлекеттер арасында тек Қазақстан ғана өзінің жаңа елордасын Астанасын тұрғызды. Бұндай қадам еліміздің өзінің болашағына деген сенімін және өзінің алдына қойған даму мақсаттарына жету үшін сөзсіз үлкен ынтасын көрсетеді. Бүгін біз Астанамыздың келешекте еліміздің экономикалық дамуына және сол арқылы халқымыздың әл-ауқаты мен жаңа мүмкіндіктерінің өсуіне жағдай жасай алатын орталыққа айналарына үлкен сеніммен қараймыз.

Мариан Әбішева

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – 

Елбасының Кітапханасының Аналитикалық кешені