«Астана – тәуелсіз Қазақстанның нышаны» дәрісі өткізілді

2017 жылы 28 маусымда № 3 және № 22 мектеп-гимназия оқушыларына «Астана – тәуелсіз Қазақстанның нышаны» дәрісі өткізілді. 

Астана – елдің мемлекеттік, қоғамдық және мәдени өмірінің орталығы. Елбасының жүзеге асқан арманы, төл перзенті болып табылатын Астана қаласы Нұрсұлтан Назарбаев есімімен және жаңа Қазақстанмен сабақтаса ойға оралады. Елорда Н.Ә. Назарбаевтың мемлекет дамуының қазақстандық үлгісін жасаудағы бастамаларының табысты жүзеге асырылуының нышаны болып есептеледі.

Дәріскер, Ғылыми-қолданбалы зерттеулер қызметінің басшысы Мусина Н.Қ. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Астананы құрудағы рөлін ашып көрсете отырып, еліміздің бас қаласының қалыптасуының негізгі кезеңдері, сәулет ғимараттарының тарихы, елорда құрылғаннан бері түрлі уақытта өтіп жатқан маңызды саяси және мәдени оқиғалар туралы әңгімелеп берді.

Дәріс барысында Кітапхана қорындағы экспонаттар, фото- және киноқұжаттар көрсетілді.