Астананы көшіру туралы идеяның 20-жылдығына және қала Күніне арналған «Ел болашағының бесігі» атты құжаттық көрме

2 шілде – 2 тамыз 2014 ж.

Астананы көшіру туралы идеяның 20-жылдығына және қала Күніне арналған «Ел болашағының бесігі» атты құжаттық көрме.

         Көрме Музейдің серіктестік жобасы аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатымен бірлесіп ұйымдастырылды. Осыдан 20 жыл бұрын, 1994 жылдың 6 шілдесінде Н. Ә. Назарбаев, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің пленарлық мәжілісіндегі сөйлеген сөзінде, астананы көшіру туралы идеясын парламент мүшелерінің талқысына салған болатын. Бүгінде 6 шілдеде тойланып жүрген қала Күні, шын мәнісінде жалпыхалықтық сүйікті мерекеге айналды. Қазіргі таңда Астана өркендеген Қазақстанның символы ретінде, ірі мәдени, экономикалық, рухани орталыққа айналған. Қала қарқынды даму мен қалыптасудың жауапты кезеңдерінен өтіп, бүгінгі таңда одан әрі жалғасын тауып жатыр. Экспозиция біздің жас астанамыздың алғашқы қадамдарын еске түсіруге және Ел болашағының Бесігі –Астана тарихына қайта үңілуге жәрдемдесті. ҚР Ұлттық мұрағатының бірегей құжаттық жинағы мен ҚР Тұңғыш Президенті мұрағатының қолжазбалары Астана тарихын баяндайтын жағымды өзгерістер кезеңін толықтай түсінуге мүмкіндік берді.