«Астанатану» элективтік курсы бойынша сабақтар өткізілді

 2014 жылдың қыркүйек, қазан айларында «Астанатану» элективтік курсы бойынша сабақтар өткізілді. 2014 жылы курсты тыңдауға № 1 математика-экономикалық лицейінің 7 сынып оқушылары қатысты.

      Дәрістік курста Астананың тарихы, мәдени-тарихи ескерткіштері, тарихи тұлғалары туралы материалдар толыққанды баяндалды.
Курстың мектептегі дәстүрлі сабақтардан айырмашылығы оқушылар тәуелсіз Қазақстанның жас астанасының тарихы бойынша Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі қорынан алынған бірегей жәдігерлермен және құжаттармен танысуға мүмкіндік алды.
     10 сағатқа шақталған курстың авторы – Ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Н.Қ. Мусина сабақ бағдарламасына дәрістер, тәжірибелік сабақтар, экскурсиялар, кітапханаларда, мұрағаттарда, музейлерде, Астана көшелерінде іздестіру-зерттеу жұмыстарын жүргізуді және өзіндік және шығармашылық тапсырмаларды орындауды енгізді. Мұның барлығы тақырыптық материалды меңгеруге ықпал етті.
Сабақ пен бақылау тестінің соңында оқушыларға сертификаттар табыс етілді.