Атамекен – алтын бесік

Атамекен – алтын бесік / Жалпы ред. басқарған А. Сағынғали, Б. Қайыпова; автор-құраст. Л. Омарова. – Астана, 2011.
Кітапша «Тұңғыш Президент және тәуелсіз Қазақстанның одан әрі дамуы» ғылыми бағдарламасының «Отбасында, мектепте және әлеуметтік институттарда лидерлік қасиеттерді қалыптастыру» ғылыми жобасын жүзеге асыру аясында дайындалды.
Кітапшада музейде ұйымдастырылған «Атамекен» экспозициясы арқылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тұлға болып қалыптасуына, Елбасының бойында лидерлік қасиеттердің пайда болуына ықпал еткен жағдайлар туралы баяндалады. Еңбекке Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі қорының экспонаттары, Мемлекет басшысы жеке мұрағатының құжаттары мен фотоматериалдары пайдаланылды.