«Атамекен» атты көшпелі экскурсия өтті

  2016 жылдың басты оқиғасы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына ҚР Тұңғыш Президенті Музейі мәдени-ағартушылық іс-шаралар кешенін арнайды, олардың қатарында – көшпелі экскурсиялар.

    2016 жылдың 17 ақпанында Астана қ., «Арт-терапия басым бағыттағы №45 «Самұрық» балабақшасында» «Атамекен» атты көшпелі экскурсия өтті. Балабақша тәрбиеленушілеріне лайықталған экскурсия форматы – еліміздің тарихы және Тәуелсіздік табыстары туралы қарапайым сөздермен, сонымен қатар көрнекі материалдармен жеткізуді мақсат етті.
Көшпелі экскурсия кішкентай көрермендерге өздерін бір сәт металлург болып сезінуге, мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның тарихымен тығыз байланысты өмір жолын ашып көрсететін бірегей материалдармен, оның ішінде: фотосуреттер, мұрағаттық құжаттар, көркем фильм фрагменттерімен танысуға мүмкіндік берді.