05-04-2018

Рухани жаңғыру: Болашаққа бастар жол" атты семинар-тренинг сабағы елордамыз Астана қаласында 4-5 сəуір күндері өте жоғары деңгейде өткізіліп отыр. Ең бастысы біз студент жастар Рухани жаңғыру дегеніміз не? - осы сұрақ аясында көптеген мəліметтер ала білдік, - деп айта аламын. Бəсекелік қабілет - ұлттың XXI ғасырдағы жаңғыруы тақырыбы аясында көптеген мəліметтер жинақтап, сонау сан-ғасырлар заманасындағы еліміздің тарихына да көз жүгірте отырып, оқытушымен бірге тақырыпты кең түрде талқылай түстік. Мен 6 бағыт, 6 жоба, VUCA əлемі, жобалар туралы кең ұғына алдым. Сөзімді қорытындылайтын болсам, бұл семинар-тренинг сабағы мен үшін ұлы мүмкіндіктер ашып, одан əрі қарай білімімді толықтырып, шыңдай түсті деп айта аламын!