Басшылық

  • Директор

    Әмірхан Мұратбекұлы  РАХЫМЖАНОВ

    Тарих ғылымдарының кандидаты, саяси ғылымдардың докторы, профессор.

    1960 жылғы 9 қазанда  Семей облысы Үржар ауданы Бестерек ауылында туған.

    Семей педагогикалық институтын «Тарих және қоғамтану пәндерінің мұғалімі» мамандығы, Қазақ қаржы-экономикалық институтын «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Еңбек жолы 1977 жылы Чапаев атындағы ұжымшарда жұмысшыдан бастады.

    1978-1980 жылдары – Кеңес әскерінің қатарында әскери борышын өтеді.

    1981-1990 жылдары – орта мектеп мұғалімі, ұжымшар комсомолы комитетінің хатшысы, Ленин атындағы ұжымшардың партия комитетінің хатшысы.

    1990-1991 жылдары – Қазақстан Компартиясы Үржар аудандық комитетінде нұсқаушы, саяси ағарту кабинеті меңгерушісі.

    1991-1995 жылдары – мектеп-лицейдің директоры, Семей облыстық білім беру департаменті бастығының орынбасары – облыстық педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институтының директоры.

    1995-1999 жылдары – Семей қалалық білім беру басқармасының бастығы, Семей облыстық білім беру департаменті бастығының бірінші орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру бөлімінің меңгерушісі, білім беру жүйесін, жалпы әкімшілендіруді зерделеу және жапон тілін үйрену мақсатында мемлекеттік қызметкерлердің тәжірибе алмасуы жобасы бойынша Жапонияда тағылымдамадан өтті.

    1999-2001 жылдары – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі Орта және кәсіби білім беру комитеті басқармасының бастығы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Орта білім беру департаменті директорының орынбасары.

    2001-2003 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-мәдени даму бөлімі білім секторының меңгерушісі, меңгерушінің орынбасары.

    2003-2006 жылдары – Астана қаласы Білім беру департаментінің директоры.

    2006-2008 жылдары –  Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің бас инспекторы, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі.

    2008-2010 жылдары – Астана қаласы әкімінің орынбасары.

    2010-2012 жылдары – «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Қазақстан-Ресей университеті саясаттану кафедрасының профессоры қызметін қоса атқарды (0,25% мөлшерлемемен).

    2012-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы Бөлімінің меңгерушісі.

    2014-2015 жылдары – V шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП партиялық тізімі бойынша сайланды.

    2015-2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы.

    2017 жылғы 15 мамырда «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары болып тағайындалды.

    2018 жылғы 21 қыркүйекте «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесі директорының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

    2019 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімімен «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің директоры болып тағайындалды.

    «Құрмет» орденімен (2010), Қазақстан Республикасы Құрмет грамотасымен, «Парасат» орденімен (2018),  «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі» белгісімен, мерейтойлық  медальдармен марапатталған.

    Ағылшын және жапон тілдерінде еркін сөйлейді.

    Үйленген, үш қызы және немерелері бар.

  • ДИРЕКТОРДЫҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫ

     

    АҚТАЕВА Күлайша Қабдуалиқызы

    2017 жылдың 4 қаңтарында «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары лауазымына тағайындалды.

    Бұған дейінгі қызметі: «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі» директорының орынбасары.

    Тарих ғылымдарының кандидаты.

    24.05.1961 жылы Целиноград облысы Астраханка ауылында туған.  

    Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Тарих» мамандығы бойынша тәмамдады.

    Еңбек жолын 1986 жылы Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің «Жалпы тарих» кафедрасында оқытушылықтан бастаған.

    1989–1993 жж. – С. Сейфуллин атындағы Целиноград мемлекеттік педагогикалық институтында оқытушы.

    1993–2004 жж. – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде аға оқытушы.

    2004–2005 жж. – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы ҒЗИ директорының орынбасары.

    2005–2006 жж. – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы ОҰҚ басшысы.

    2006–2007 жж. – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы «Саяси технологиялар» кафедрасының  доценті.

    2007 жылы – «Нұр Отан» ХДП орталық аппаратының ақпараттық-аналитикалық жұмыстар бөлімінің кеңесшісі, меңгерушісінің м.а.  

    2007–2017 жж. – «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі» мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары.

    2017 жылғы 4 қаңтарда «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары болып тағайындалды.

    «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «ҚР Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл», «ҚР Қарулы Күштеріне 20 жыл» мерейтойлық медальдармен, «Польша мәдениетінің алдындағы қызметі үшін» белгісімен марапатталған.  

     

     

    Ботагөз Муттахиденқызы ҚАЙЫПОВА

    «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары лауазымына 2017 жылдың 15 мамырында тағайындалды.

    Бұған дейін атқарған қызметі: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы Ұйымдастырушылық жұмыс қызметінің басшысы.

    Тарих ғылымдарының кандидаты.

    1971 жылдың 27 желтоқсанында Целиноград облысы Ерейментау қаласында туған.

    1995 жылы Ақмола мемлекеттік педагогикалық университетін «Тарих және әлеуметтік педагогика» мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 1989 жылы Ерейментау ауданында Еңбек сегіз жылдық мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған.

    1995–1999 жылдары – Ақмола педагогикалық университеті аспирантурасының күндізгі бөлімінде білім алады.

    1999–2002 жылдары – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Археология және этнология кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, Тарих және халықаралық қатынастар факультеті деканының орынбасары.

    2002–2004 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет теориясы мен практикасы ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері, «Саяси технологиялар» кафедрасының меңгерушісі.

    2004–2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің бас сарапшысы, бас инспекторы, сектор меңгерушісі.

    2008–2016 жылдары – «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі» мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары.

    2017 жылғы қаңтардан мамырға дейін – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы мемлекеттік мекемесі Ұйымдастырушылық жұмыс қызметінің басшысы.

    2017 жылғы 15 мамырда «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары болып тағайындалды.

    100-ден астам ғылыми еңбектің авторы.

    «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медальдармен, Мемлекет басшысының алғыс хатымен марапатталған.