«Бір шаңырақ астында» көрмесі

     Көрме қала күнінің қарсаңында – 2006 жылдың 30 маусымында ашылды.
    Көрме Шығыс Қазақстан облысытық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафт музей-қорығының ұйымдастыруымен өтті. Ол келушілерді 105 ұлт бір отбасындай ұйыған Шығыс Қазақстан халықтарының материалдық мәдениетімен таныстырды.
      Музейдің бай коллекциясы келушілерді XVIII-ХХ ғасырдың басындағы ұлттық киімдер үлгісімен, тұрмыстық және сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарымен, зергерлік әшекейлермен таныстырды. Көрме экспонаттарының ішінде он тоғызыншы ғасырдағы «тас қалаушы» көне салттық киім, тәжіктің неке тақиясы мен немістің неке киімі, түркіменнің күміс әшекейлері, корей сарай ханымының киімі және т.б. бар.
      Көрме екі ай жұмыс істеді.