Конференциялар, форумдар, дөңгелек үстелдер

ҚР Тұңғыш Президенті күніне және ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік пен жасампаздық жылдары» атты «дөңгелек үстел» өткізілді

2016 жылдың 28 қарашасында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде ҚР Тұңғыш Президенті күніне және ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік пен жасампаздық жылдары» атты «дөңгелек үстел» өткізілді. «Дөңгелек үстел» жұмысына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өкілдері, ғалымдар, зерттеушілер, Астана қ. оқу орындарының қоғамдық пәндер оқытушылары қатысты. Дәстүр бойынша «дөңгелек үстел» Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мен Қазақстан Тәуелсіздігі күні қарсаңында өткізіліп келеді.

«Өнегесі мол өрісті тұлға» атты «дөңгелек үстел» ұйымдастырды

2016 жылдың 10-қазанында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі Алматы облысы Қаскелең қаласындағы Қарасай аудандық тарихи өлкетану мұражайымен бірлесіп «Өнегесі мол өрісті тұлға» атты «дөңгелек үстел» ұйымдастырды. Дөңгелек үстел жұмысына Елбасының сыныптастары Әмірова Күләш, Сиразитдинова Рая, Байбосынов Кеңес, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Музейі директорының орынбасары Қайыпова Б.М., Қарасай аудандық тарихи-өлкетану мұражайының директоры Қожанова М.М., мұражай қызметкерлері қатысты.