Конференциялар, форумдар, дөңгелек үстелдер

«БІРЕГЕЙЛІК ПЕН БІРЛІК: ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ ЖӘНЕ Н. Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҮЛГІСІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

2017 жылдың 28 қарашасында Елбасы кітапханасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және елорданы Астанаға көшірудің 20 жылдығына орай «Бірегейлік пен бірлік: Қазақстан жолы және Н.Ә. Назарбаевтың үлгісі» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференцияны ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры және кітапханасы.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБЫСТЫ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНЕ 25 ЖЫЛ

Бүгін  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы «Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің 25 жылдығы: қорытынды, жетістіктер, болашаққа көзқарас» ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді. Келелі жиынды Елбасы кітапханасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры, Қор жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты бірлесе ұйымдастырып отыр.

«НАЗАРБАЕВ МОДЕЛІН» АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯДА ТАЛҚЫЛАДЫ

Алматы қаласындағы Елбасы кітапханасының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейінде 10 қарашада бастау алған «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі ғылыми-білім беру және мәдени-ағартушылық көрме жобасы аясында ұйымдастырылған іс-шаралары өз мәресіне жетті. 16 қарашада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кітапханасында «Назарбаев моделі» ғылыми конференциясы өтті. Бұл Алматы қаласындағы Елбасы кітапханасының жобасын жүзеге асыру аясында өткен үшінші ғылыми-тәжірибелік конференция болды.

ҚР Тұңғыш Президенті күніне және ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік пен жасампаздық жылдары» атты «дөңгелек үстел» өткізілді

2016 жылдың 28 қарашасында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде ҚР Тұңғыш Президенті күніне және ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік пен жасампаздық жылдары» атты «дөңгелек үстел» өткізілді. «Дөңгелек үстел» жұмысына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өкілдері, ғалымдар, зерттеушілер, Астана қ. оқу орындарының қоғамдық пәндер оқытушылары қатысты. Дәстүр бойынша «дөңгелек үстел» Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мен Қазақстан Тәуелсіздігі күні қарсаңында өткізіліп келеді.

«Өнегесі мол өрісті тұлға» атты «дөңгелек үстел» ұйымдастырды

2016 жылдың 10-қазанында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі Алматы облысы Қаскелең қаласындағы Қарасай аудандық тарихи өлкетану мұражайымен бірлесіп «Өнегесі мол өрісті тұлға» атты «дөңгелек үстел» ұйымдастырды. Дөңгелек үстел жұмысына Елбасының сыныптастары Әмірова Күләш, Сиразитдинова Рая, Байбосынов Кеңес, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Музейі директорының орынбасары Қайыпова Б.М., Қарасай аудандық тарихи-өлкетану мұражайының директоры Қожанова М.М., мұражай қызметкерлері қатысты.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – азаттықтың асыл кепілі» атты «дөңгелек үстел» өткізілді

 2015 жылы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – азаттықтың асыл кепілі» атты «дөңгелек үстел» өткізілді.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде Қазақстан Республикасындағы Польша Республикасының елшілігімен бірлесе ұйымдастырылған «Қазақстандағы поляк дипломаттары (1941–1943 жж.)» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді

2015 жылы 15 маусымда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде Қазақстан Республикасындағы Польша Республикасының елшілігімен бірлесе ұйымдастырылған «Қазақстандағы поляк дипломаттары (1941–1943 жж.)» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

«Гейдар Әлиев. Тұлға және заман» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

2014 жылы 6-шы мамырда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде әзірбайжан халқының жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Әлирза оглы Әлиевті еске алуға арналған «Гейдар Әлиев. Тұлға және заман» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

«Қазіргі қоғамдағы Музей. Жаңа даму жолдарын іздестіру» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

  2014 жылдың 25 тамызында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде «Қазіргі қоғамдағы Музей. Жаңа даму жолдарын іздестіру» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция Музейдің 10 жылдығына арналды және мұражайлар мен ғылыми орталықтар арасындағы байланысты күшейтуге, академиялық және музей қауымдастығын біріктіруге бағытталды.

Беттер