Конференциялар, форумдар, дөңгелек үстелдер

«Қазақстанның бірлігі, тұтастығы және тәуелсіздігі» тақырыбындағы «дөңгелек үстел»

2008 жылдың 10 желтоқсанында Тәуелсіздік күні қарсаңында Тұңғыш Президент Музейінде «Қазақстанның бірлігі, тұтастығы және тәуелсіздігі» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысы өтті. Жұмыс барысында егемен мемлекеттің қалыптасу және даму тарихының өзекті мәселелері талқыланды. «Дөңгелек үстелге» қатысушылар көп этносты қазақстан қоғамының бірлігін сақтау мен нығайтудың бірегей тәжірибесін қорытындылады. «Дөңгелек үстел» жұмысына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өкілдері, Парламент депутаттары, көрнекті ғылым қайраткерлері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Көрнекті саяси және мемлекет қайраткері Гейдар Алиевтің 85 жасқа толуына арналған конференция.

   Халықаралық ынтымақтастық аясында 10 мамырда ҚР Тұңғыш президентінің Музейінде Әзірбайжанның жалпыұлттық лидері, көрнекті саяси және мемлекет қайраткері Гейдар Алиевтің 85 жасқа толуына байланысты конференция болып өтті.    Конференцияны ұйымдастырушылар – «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы, «Қазақстан - Әзірбайжан» достық және мәдениет ассоциациясы, Қазақстандағы Әзірбайжан елшілігі және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі. Конференцияны Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің директоры А. Сағынғали ашты.

«Тұлғаның тарихтағы рөлі» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

2007 жылдың 22 қазанында «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің егемен мемлекеттің қалыптасуы мен дамуындағы саяси бастамалары» атты ғылыми бағдарлама аясында «Ақ орда» республикалық қозғалысымен» және «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясымен бірлесе отырып, «Тұлғаның тарихтағы рөлі» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

МЕЖДУНАРОДНАЯ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКАЯ КОНФЕРЕНЦИЯ «АСТАНА – ГОРОД МИРА» ПРОШЛА В НАЗАРБАЕВ ЦЕНТРЕ

5 июня 2018 года в Назарбаев центре прошла международная научно-практическая конференция «Астана – город мира», посвященная 20-летию столицы Казахстана. Мероприятие организовано Библиотекой Елбасы совместно с Министерством иностранных дел Республики Казахстан и Фондом Первого Президента Республики Казахстан – Елбасы с целью привлечения казахстанских и зарубежных политиков, авторитетных экспертов к обсуждению итогов развития столицы Казахстана и ее перспектив в качестве важного геополитического центра Евразии.

Беттер