Конкурсы, викторины и другие мероприятия

Оқушылардың ғылыми жобаларының байқауы «Әлемді өзгертетін идеялар» /«Идеи, меняющие мир»

2017 жылдың 28 сәуірінде Елбасының кітапханасы музейінде «Әлемді өзгертетін идеялар» /«Идеи, меняющие мир» атты оқушылардың ғылыми жобалары байқауының ақтық кезеңі мен жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Байқауды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейі мен «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырды.

Музейный урок-праздник «Ата Заң – елдігімнің еңсесі»

29 августа 2016 года в канун Дня Знаний в Музее Первого Президента Республики Казахстан для первоклассников школы-лицея № 64 был проведен музейный урок-праздник «Ата Заң – елдігімнің еңсесі», посвящённый Дню Конституции Республики Казахстан и 25-летию Независимости Казахстана.

«Әлемді өзгертетін идеялар» қалалық ғылыми жобалар конкурсының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті

  2016 жылдың 12 мамырында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде оқушылардың «Әлемді өзгертетін идеялар» қалалық ғылыми жобалар конкурсының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.        Ел тәуелсіздігінің  25 жылдығына арналған конкурсты Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі мен «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырды.

«Тәуелсіздік – ата-баба арманы, ұрпақтар үшін ақиқат»

2016 жылдың 12 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында ұйымдастырылған жалпы білім беретін мекемелердің қоғамдық пәндер мұғалімдерінің арасындағы «Тәуелсіздік – ата-баба арманы, ұрпақтар үшін ақиқат» атты қалалық байқаудың қорытындысы және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті.

«ЭКСПО жылнамасы»

2016 жылдың 12 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында жалпы білім беретін және арнайы ұйымдардың жаратылыстану бағытындағы пән мұғалімдері арасында «ЭКСПО жылнамасы» атты үздік бейнебаянға жарияланған республикалық байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

«Көңілдің асыл пернесі: Н. Ә. Назарбаевтың ән шығармашылығы»

2016 жылдың 25 қарашасында Махамбет Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында Қазақстан Респубикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған «Көңілдің асыл пернесі: Н. Ә. Назарбаевтың ән шығармашылығы» атты ІІ Жалпықалалық шығармашылық конкурсының қорытындысы және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өткізілді. 

«Менің Қазақстаным – менің болашағым» мерекелік сабағы өткізілді

2015 жылдың 28 тамызында Білім күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде № 48 мектеп-лицейдің бірінші сыныпқа баратын бүлдіршіндері үшін Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным – менің болашағым» мерекелік сабағы өткізілді.

Конституция күніне және Білім күніне арналған «Тәуелсіздігімнің тірегі – Ата Заң» атты мерекелік сабақ өткізілді

     2014 жылдың 29 тамызында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде Конституция күніне және Білім күніне арналған «Тәуелсіздігімнің тірегі – Ата Заң» атты мерекелік сабақ өткізілді. Мерекенің ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі және «Нұр Отан» партиясы «Жас  Отан»  жастар қанатының қоғамдық бірлестігі.

Беттер