«ЕҚЫҰ – үнқатысу форумы»

2008 жылдың 18 маусымында

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жәрдемдесуімен ЕҚЫҰ орталығымен бірлесіп ұйымдастырылған «ЕҚЫҰ – үнқатысу форумы» атты көрменің ашылу салтанаты өтті.
Көрмеге ЕҚЫҰ тарихын, құрылымын, қызметінің негізгі бағыттарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен ЕҚЫҰ ынтымақтастығының саяси қырларын танытатын жарияланымдар, кітаптар, фотоматериалдар мен мұрағат құжаттары қойылған. 2010 жылы Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі қарсаңында ұйымдастырылған көрменің негізгі мақсаты Астана тұрғындары мен қонақтарын ЕҚЫҰ қызметімен таныстыру болды.
Көрменің ашылу рәсіміне ЕҚЫҰ Хатшылығының Қақтығыстардың алдын алу жөніндегі орталықтың директоры Херберт Залбер, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қ.С.Сұлтанов, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қ.Ш.Сарыбай, Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының орынбасары Б.Б. Темірболат, сонымен қатар Орталық Азиядағы ЕҚЫҰ миссиясы басшыларының аймақтық кездесуіне қатысушылар келді.