ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ АКАДЕМИЯСЫ «ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ АРХИТЕКТОРЫ» ЖӘНЕ «ЕЛОРДА ЭПОПЕЯСЫ» КІТАПТАРЫНЫҢ ТҰСАУЫН КЕСЕДІ

Сәуірдің 19-ы сағ. 14.30-да Назарбаев орталығының ғимаратында «Түркі интеграциясының архитекторы» және «Елорда эпопеясы» кітаптарының тұсаукесері өтеді.

Тұсаукесерге Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің бастығы Махмұд Қасымбеков, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, халықаралық түркі академиясының Президенті, «Егемен Қазақстан» Республикалық газеті» АҚ Дархан Қыдырәлі, белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, шет мемлекеттер елшілері, отандық және шетелдік ғалымдар, депутаттар, мемлекеттік органдар мен сарапшылық қоғамдастық өкілдері қатысады.

«Түркі интеграциясының архитекторы» кітабында түркі дүниесінің көшбасшысы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы бірқатар мемлекет басшысы, танымал саясаткер мен сарапшылардың, ғалымдар мен зиялы қауым өкілінің пайымды пікірлері мен орамды ойлары топтастырылған.

Нұрсұлтан Назарбаевтың қажырлы еңбегінің тағы бір жемісі - Еуразия жүрегіндегі бас қаланың 20 жылдығына орай шығарылған «Елорда эпопеясы» атты іргелі шығарманың арқауына айналды. Бұл кітапқа аға газет «Егемен Қазақстанның» әр жылдағы сандарында Нұр-Сұлтан қаласының қалыптасуын саяси және қоғам қайраткерлерінің көзімен айшықтаған мақалалар топтастырылды.