Елбасы кітапханасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған тақырыптық экскурсиялардың онкүндігі өтті

2019 жылғы 21 қарашадан 1 желтоқсан аралығында Елбасы кітапханасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған тақырыптық экскурсиялардың онкүндігі өтті. Іс-шараға әр түрлі жас санатындағы келушілер қатысты: № 25 орта мектептің бірінші сынып оқушылары, Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚҚ БАИ курс тыңдаушылары, Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметкерлері және т.б.

«Атамекен» тақырыптық экскурсиясы Н.Ә. Назарбаевтың туған жері, отбасы, балалық шағы, мектепте оқыған жылдары туралы жырлады. Экскурсия барысында Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚҚ БАИ курс тыңдаушылары Елбасының өмірбаянындағы фактілерге қатысты сирек кездесетін фотосуреттермен, бейнематериалдармен және мұрағат құжаттарымен танысты.

«Пішін мен бейне үндестігі» тақырыптық экскурсиясы барысында Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметкерлері сәндік табақтар жиынтығымен - фарфордан, әйнектен, керамикадан, металлдан, тастан және ағаштан әртүрлі формалар, декор және өндіріс техникасында жасалған ресейлік және батыс еуропалық өнімдермен, түрік фарфор зауыттарында жасалып шығарылған және басқа да кәдесыйлық табақтармен танысу мүмкіндігіне ие болды.

Ең жас экскурсанттар №25 орта мектептің 1-сынып оқушылары болды. Балалар Музейге «Қазақстанның спорттық даңқы» тақырыптық экскурсияна арнайы келді. Оған қазақстандықтардың спорттық жетістіктері туралы айтылып, оқушылар әлемдегі спорттық чемпионаттар туралы тыңғылықты ақпарат алды, олардың қатысушылары және жеңімпаздары атақты қазақстандық спортшылар туралы білімдерін толықтырды. Танымал қазақстандық саяхатшы Д.И. Петрухиннің велосипеді жас қонақтардың қызығушылығын оятты. Д. Петрухин 80 елді аралап шығып, Гиннестің рекордтар кітабына енген танымал спортшы.