ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА ЛЕНИНГРАДТЫ ҚҰРСАУДАН АЗАТ ЕТУДІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ ӨТТІ

2019 ж. 30 сәуірінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында Санкт-Петербург мемлекеттік театр және музыкалық өнері музейінің қорынан «Құрсауда қалған виолончель» көрмесінің ашылу рәсімі өтті. Көрме «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ және StageProкомпаниясының белсенді қолдауы арқасында «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық жобасы аясында ұйымдастырылды. Көрме Лениниградтың құрсаудан толық азат етудің 75 жылдығына арналған.

«Құрсауда қалған виолончель» көрмесінде трагедиялық дәуірдің образдарын елестететін кескіндеме, фотосурет коллекцияларынан  және музыкалық бұйымдардан экспонаттар кешені ұсынылды.

Атақты «құрсауда қалғанвиолончель» көрменің орталығына қойылатын болды. Шебер Алексей Алексеевич Ушаков виолончельді блокадалық Ленинградта 1941 жылы сала бастады. Жұмыстың аяқталуына соғыс кедергі болды. Блокада кезінде виолончель бүлінгендіктен іздері қазіргі күнге дейін көзге түсерлік. Шебер аспапты 1956 жылы аяқтап, ол музыкалық аспаптардың ленинградтық коллекциясына түсті. Қазірде виолончель қайта жөнделді, аспаппен блокадалық тақырыпта өткізілетін арнайы концерттер аясында жас әрі белгілі музыканттар ойнайды.