ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ МУЗЕЙІНДЕ «ИРАН КАЛЛИГРАММАСЫ» КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

5.02.2019

2019 жылғы 5 ақпанда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы музейінің ғимаратында Ирандағы ислам революциясы жеңісінің қырық жылдығын мерекелеуге арналған «Иран калиграммасы» көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Көрме «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық жобасы аясында Иран Ислам Республикасының Елшілігімен бірлесіп ұйымдастырылды. Иран калиграммасы» көрмесінде суретші Саид Хушманештің 40-қа жуық картиналары ұсынылды.

Иран калиграммасы каллиграфияның ажырамас бөлігі болып табылады, мұсылман мәдениетінде бейнелеу өнерінің өзіндік бағыты, едәуір даму қарқыны  байқалады. Әрбір калиграмма көркемділігі мен мазмұндық сәйкестігімен үйлеседі. Суретшінің негізгі міндеті жазбадағы көзбен көре отырып қабылдау мен терең рухани мағынасы арасындағы байланысты табу және жеткізу болып табылады. Калиграмма авторының идеясын түйсіну шығарманың терең бейнешілдігін көрсетеді.