2019 жылдың 4 ақпанында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –Елбасы кітапханасының ғылыми-ағартушылық жобасы – «Рухани жаңғыру: болашаққа бастар жол» көшпелі семинар-тренингтері өз жұмысын бастайды.  

Көшпелі семинар-тренингтері жыл бойына  Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында өтеді.

Үш жыл бойына Елбасы кітапханасында апробациядан өткен «Рухани жаңғыру: болашаққа бастар жол» курстарының тыңдаушылары мектеп оқушылары, жоғары оқу орындарының студенттері, мұғалімдер мен мектеп және колледж оқытушылары болды. Бұл жолы семинар-тренингке  Павлодар облысының мемлекеттік қызметкерлері және мәдениет пен білім беру ұйымдарының басшылық құрамы қатыспақ.

Оқыту курстарының бағдарламасы Елбасының еңбектері мен бағдарламалық құжаттарының негізгі мазмұнын теориялық және сарапшылық тұрғыда терең түсіндіруге негізделген.  Семинарларды мемлекеттік қызметте, оқытушылық және сарапшылық жұмыста тәжірибесі зор Елбасы кітапханасының ғылыми қызметкерлері – ғылым кандидаттары, докторлары әзірлеген.

Елбасы кітапханасының келесі семинар-тренингтері Шығыс Қазақстан облысында өтеді.