«Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» атты тақырыптық экскурсия өткізілді

ҚР Тұңғыш президенті – Н. Назарбаевтың еліміздегі ең жоғары лауазымда болғанына 30 жыл толуына арналған тақырыптық экскурсиялар апталығы аясында 2019 жылғы 19 маусымда ҚР Қорғаныс министрлігінің қызметкерлеріне «Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» атты тақырыптық экскурсия өткізілді.

«Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» тақырыптық экскурсиясы тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президентіне Қазақстан мен басқа мемлекеттер арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайту мен дамытудағы ерекше қызметі үшін, сондай-ақ ядролық қаруды жою мен таратпау жөніндегі бастамалары үшін берілген ең жоғары мемлекеттік наградалардың жинағын ұсынды.

Экскурсанттар әртүрлі мәдениеттер, тарих және дүниетаным ерекшеліктерін сипаттайтын наградалармен танысуға мүмкіндік алды.

Жоғары мемлекеттік наградалар жинағы - Елбасы кітапханасының музей жинағының мақтанышы. Онда ТМД, Еуропа, Азия және мұсылман әлемі елдерінің марапаттары ұсынылған.